Жаңалық - Компания жаңалықтары
новость от 31.10.2024
"Су
ресурстары-Маркетинг" ЖШС-не "Павлодар Водоканал" ЖШС Бас
директорының бірінші орынбасары Артур Шпейзер келді. Сапардың мақсаты, Шымкент
кәсіпорны өз тәжірибесінде қолданатын цифрлық технологияларды зерттеу, тәжірибе
алмасу. Әріптесті
цифрлық бағдарламамен қамтамасыз етумен
таныстырылды. Соның арқасында суды есепке алу, желілердегі
қысымды бақылау жүргізіледі.
Авариялық бригадалардың қозғалысы
бақыланады. Мекеме
мамандары географиялық ақпараттық жүйенің көмегімен жүзеге асырылатын биллинг
және гидравликалық модельдеу туралы айтып берді.
Артур Шпейзер, Павлодар
Водоканал ЖШС Бас директорының бірінші орынбасары:
-
Орталық
диспетчерлік қызметі маған қаланың технологиялық процесті автоматтандырумен
қамтылғандығы қатты әсер етті. Тоқсандық, көше және жалпы үй желілерінде
орнатылған есепке алу құралдарының арқасында суды есепке алу және өндірістік
процесті бақылау жолға қойылған.
Артур Шпейзер Шымкенттің тазарту құрылыстарының кешенінде болды. Ол
технологиялармен таныстырылды. Соның арқасында Шымкент шайынды су қабылдау
кешені Қазақстанда ғана емес, ТМД-да да үздіктердің бірі болып саналады. Инновациялық
шешімдердің арқасында кешен өзінің энергия шығындарын жабады. Ал "Айдро
процесс" технологиясы жағымсыз иістен және 80% қалдық шөгінділерден
арылуға мүмкіндік берді. Тазартылған ағынды сулар, техникалық дақылдарды суару
үшін жіберіледі.
Артур Шпейзер, Павлодар Водоканал ЖШС Бас директорының бірінші орынбасары:
-
Тазарту
қондырғылары туралы менің екінші әсерім! Мен байқаған ең біріншісі ол жағымсыз иістің болмауы. Менің ойымша, бұл
үлкен жетістік және су арнасының еңбегі. Ағынды суларды тазарту
қондырғыларындағы иіс көптеген су арналары үшін жаһандық проблема болып табылады.
Тағы бір айта кететін жайт, бұл технологиялық және энергетикалық
қажеттіліктердің басым бөлігі өзінің газ шаруашылығы есебінен жабылады. Мені
өте жақсы қарсы алды және барлық технологиялық процестерді көрсетті.
"Айдро
процесс" технологиясы Павлодар су арнасының өкілін қызықтырды. Олар шымкенттік әріптестердің қолдану
тәжірибесі зерттелетін болады. "Павлодар Водоканал" ЖШС жеке
компаниясы 2001 жылдан бастап сумен жабдықтау және су бұру желілерін басқарады
және 100 мыңға жуық абонентке қызмет көрсетеді. Айта кетейік, қараша айында
"Су
ресурстары-Маркетинг" ЖШС-мен тәжірибе алмасу бойынша Шымкентке
"Алматы су" МКК
өкілдері келеді.
барлық дауыс: 5640
дауыс мұрағаты