Жаңалық - Компания жаңалықтары
новость от 22.11.2024
"Су ресурстары-Маркетинг" ЖШС мамандарының
гидравликалық модельдеуді сәтті қолдануы "Астана Электро Строй
Сервис" компаниясының өкілдерін қызықтырды. Бұл ұйым автоматтандыру
жүйелерін, соның ішінде ТҮКШ
кәсіпорындарын жобалаумен және енгізумен айналысады. Елордалық компания қызметінің
басым бағыттарының бірі сумен
жабдықтау және су бұру кәсіпорындарында, жылумен жабдықтау ұйымдарында
гидравликалық модельдеу.
Алайда, бұл саланың барлық кәсіпорындары
инновацияларға дайын емес. Гидравликалық модельді әзірлеу арнайы бағдарлама
жасау, математикалық
есептеулерді, бақылау-өлшеу құралдарының көптеген құрылғыларын және білікті мамандарды қажет
етеді.
"Су ресурстары-Маркетинг" ЖШС-де
географиялық ақпараттық жүйе мен арнайы бағдарламалық қамтамасыз етудің
көмегімен гидравликалық модель құрылды және нәтижелі жұмыс істейді. Оның көмегімен су
желілеріндегі қысымды реттеуге, ағындардың қозғалысын құбырлар арқылы қайта
бөлуге және жалпы жағдайды бақылауға болады. Нәтижесінде апаттық жағдай
төмендейді, демек материалдық шығындары
да төмендейді!
"Астана Электро Строй Сервис" ЖШС бас
инженері Николай Дудник шымкенттік мамандардан үйренетін дүние көп -деп есептейді. "Су ресурстары-Маркетинг"
ЖШС ГАЖ төлдеу бөлімінің басшысы Михо Вайсалидзе әріптестерін гидравликалық
модельдеу функционалымен таныстырды. Осы бағыттағы Шымкент су арнасының
тәжірибесі мұқият зерттелетін болады.
барлық дауыс: 5154
дауыс мұрағаты