Жаңалық - Қазақстан жаңалықтары
новость от 16.01.2025
Вице-премьер Қанат Бозымбаев «Энергетикалық және
коммуналдық секторларды жаңғырту» ұлттық жобасын іске асыру жөніндегі жобалық кеңсенің
алғашқы отырысын өткізді.
Ұлттық жоба инфрақұрылымның тозу деңгейін
төмендетуге және коммуналдық қызметтерді үздіксіз ұсынуды қаматамасыз етуге
бағытталған. Қазіргі таңда жылу, электр энергиясы, сумен жабдықтау және су бұру
салаларында қызмет көрсететін 87 монополист кәсіпорындағы энергетикалық және
коммуналдық инфрақұрылымның тозу деңгейі 65%-дан 100%-ға дейін жеткен. Осыған
байланысты Жобалық кеңсеге инженерлік желілер тозуын 40%-ға дейін төмендету
және электр энергиясын өндірудің жаңа көздерін (қосымша 7,3 ГВт) салу міндеті
қойылды.
2029 жылға дейін коммуналдық желілерді жаңғыртуға
инвестициялық қажеттілік 6,8 трлн теңгені, электр энергиясын өндіруге 6,2 трлн
теңгені құрайды. Екінші деңгейлі банктерден, ұлттық қаржылық даму
институттарынан және халықаралық қаржы ұйымдарынан қаражат тартылады. Табиғи
монополия субъектілерін қаржыландыру тетігін құру, жеңілдетілген қаржыландыруға
немесе субсидиялауға өтінімдерді қарастыру «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ-ға жүктелген.
Жобалардың жүзеге асырылу барысы және құрылыс-монтаждау жұмыстарына бақылау
жүргізу «ТКШ Қазорталық» АҚ-ның құзіретіне бекітілген.
барлық дауыс: 5772
дауыс мұрағаты