Жаңалық - Компания жаңалықтары
новость от 27.01.2025
ГАЖ - ең алдымен, кәсіпорын мамандары үшін
техникалық ақпарат көзі болып табылады. Жүйе болашақта аналитикалық жұмыста
қолданылатын мәліметтер қорын
жинауға және сақтауға мүмкіндік береді. ГАЖ-ін қолдану арқылы жедел қызметтердің
жұмысын ыңғайлы ететін карталар мен графиктер жасалады. Географиялық ақпараттық
жүйе келесі деректерді сақтайды:
Орналасу схемалары (аймақтарға бөлу), желі
элементтерінің саны мен ұзындығы туралы ақпарат, сондай-ақ олардың техникалық
сипаттамалары.
Апаттылықты тіркеу - режимдерді түзету және инвестициялық
бағдарламаны қалыптастыру үшін құбырлардағы орын алған оқиғалар туралы тарихи
деректер.
Желінің және оның элементтерінің техникалық жай-күйін
бағалау үшін жоспарлы-алдын
алу тексерулерінің (ЖАТ)
және жоспарлы – алдын алу жұмыстарының (ЖАЖ)
жүргізілуі туралы ақпарат.
Жұмыстарды орындау
тиімділігін арттыру үшін - инженерлік
құрамы қызметкерлеріне арналған электрондық құжат және техникалық деректердің
қолжетімділігі.
барлық дауыс: 5972
дауыс мұрағаты