Жаңалық - Компания жаңалықтары
новость от 31.01.2025
Бұл кәсіпорын
Еуропадағы сумен жабдықтау, су бұру және жылумен жабдықтау қызметтерінің ірі
операторы болып табылады, энергетикамен және қалдықтарды кәдеге жаратумен
айналысады және басқа да жоғары
технологиялық бағыттарда жұмыс істейді. Компания әлемнің 55 елінде, оның ішінде
Өзбекстанда да бар, онда ол Өзбекістанның астанасын жылумен қамтамасыз етуге
жауапты.
Шахин Бутулиа –
Орталық Азия елдерінде «Veolia» компаниясын дамыту жөніндегі директоры. Ол «Су
ресурстары-Маркетинг» ЖШС-нің өндірістік және қаржылық жетістіктеріне үлкен
қызығушылық танытып, сумен жабдықтау және су бұру жүйелеріне, өндірістік
процестерді автоматтандыру мен цифрландыруға жауапты кәсіпорын мамандарымен тікелей
әңгіме құрды. Ол бұған дейін де Шымкент кәсіпорнының жетістіктері туралы
естіген екен.
«Соңғы 3-4 жылда мен Қазақстан Республикасына
бірнеше рет келгенмін. Маған Шымкенттегі - сумен жабдықтау және су бұру
жүйелері операторының қызметімен танысуды
бірнеше рет ұсынған. Бұл
мекеменің көрсеткіш индикаторлары бар болғандықтан біз келіп, бәрін өз көзімізбен көруге бел
будық».
Француз
компаниясының өкілі Шымкенттің кәріз-тазарту құрылыстары кешеніндегі өндірістік
процестермен таныстырылды. Енгізілген биотехнологиялар, озық жабдықтар мен
биогазды орнату арқылы электр энергиясын үнемдеу туралы егжей-тегжейлі айтып
берілді. Жалпы айтқанда, қонақ бұл сапардан өте жақсы әсер алды.
«Менің бүгінгі көргенім.. бұл өте керемет! Бұл
Еуропадағы көрсеткіштерден кем емес .
Және де біз болашақтағы мүмкіндіктердің жақсарғанын көріп отырмыз. Бұл жердің
ұжымы өте жақсы және нәтижелері де тамаша».
Қазақстанда
энергетикалық және коммуналдық секторларды жаңғырту жөніндегі ұлттық жоба
басталды. Сондықтан, коммуналдық қызметтер саласындағы ірі әлемдік
операторлардың біздің елімізге деген қызығушылығы түсінікті. Бутулия мырзаның
Шымкентке сапарынан кейін «Су
ресурстары-Маркетинг» ЖШС-гі мен
«Veolia» компаниясы арасындағы ынтымақтастыққа бастама берілуі мүмкін.
Жалпы алғанда,
«Veolia» кәсіпорындары 200 мыңнан астам адамды жұмыспен қамтамасыз етеді, оның
қаржылық айналымы 70 миллиард доллардан асады.
барлық дауыс: 5805
дауыс мұрағаты