Жаңалық - Компания жаңалықтары
новость от 04.02.2025
«Су ресурстары-Маркетинг» ЖШС басшылығы мен мамандары "Digital
Energy Group" компаниясының өкілдерімен кездесті. Шымкентте суды есепке
алу аспаптарының деректерін қашықтықтан жіберу технологиясын енгізу мәселесі
талқыланды. Қазақстанның энергетикалық және коммуналдық секторларын жаңғырту
жөніндегі Ұлттық жобада көзделген су құбыры желілерін цифрландыру аясында «Су ресурстары-Маркетинг» ЖШС-нің басшылығы
көрсеткіштерді қашықтықтан түсіру құрылғыларын кеңінен енгізуді жоспарлап отыр.
Сондай-ақ, «Digital Energy Group» өкілдері жасанды интеллект негізінде бірыңғай
диспетчерлік орталық әзірледі. Әзірлеушілер оны енгізумен бірқатар мәселелер
шешіледі деп мәлімдейді. Оның ішінде ықтимал проблемаларды анықтау және олардың
шешімін соңына дейін жеткізу, сондай-ақ тиісті талдау жүргізе отырып, жауапты
мамандардың міндеттерді алуын автоматтандыру . Мұның бәрі коммуналдық қызмет
операторының пайдалану шығындарының төмендеуіне және ПӘК(пайдалы әрекеттер
коэффициенті)-нің артуына әкелуі керек.
«Digital Energy Group» мамандары ұсынған ұсыныстарды
«Су ресурстары-Маркетинг» ЖШС басшылығы зерделеуде.
барлық дауыс: 5224
дауыс мұрағаты