русский / қазақ
"Су ресурстары - Маркетинг" ЖШС-і
+7 (7252) 321-275Жедел желі+7 (7252) 321-274Диспетчерлік қызмет

Жаңалық - Компания жаңалықтары

новость от 06.02.2025

№ 2 мамандандырылған мектеп -интернатының тәрбиеленушілері - техникалық жағынан озық балалар. Бұл мектептің командасы робототехника бойынша ел чемпионатында бірінші орынға ие болды және Қазақстанның атынан Дортмундта өткен әлем чемпионатына қатысып 6-орынға ие болды. Қазір олар First Championship халықаралық бағдарламасы бойынша Орталық Азия чемпионатына дайындалуда. Оның міндеті - жас ұрпақтың шығармашылық, инновация және ынтымақтастық арқылы ғылымға, технологияға, инженерияға және математикаға (STEM) деген қызығушылығын ынталандыру. Дайындық барысында команда және оның тәлімгері «Су ресурстары-Маркетинг» ЖШС-не келуге шешім қабылдады.

«Чемпионат бағдарламасына сонымен қатар, биология және химия, робототехника кіреді. «Су ресурстары-Маркетинг» ЖШС-де біз өндірістік процестерді автоматтандырумен таныстық, ауыз суды зарарсыздандыру, ағынды суларды тазарту кезінде қолданылатын химиялық және биологиялық процестермен таныстық. Кәсіпорын мамандары бізге барлық қажетті ақпаратты берді. Біз бұған дейін ағынды судың 95%-ға  тазартылатынын  білген жоқ едік, осы жерге келіп көріп, таныстық, бұл өте жақсы көрсеткіш", - деді №2 мамандандырылған мектеп-интернатының информатика және робототехника оқытушысы Беклан Тастанбек.

Амина Қаныбек робототехникамен айналысады. Болашақта бұл оған әлемді жақсы жаққа өзгертуге, сумен байланысты  жаһандық экологиялық мәселелерді шешуге көмектеседі деп үміттенеді. Экскурсияда ол көбінесе сұрақтар қойып, өндірудің, дезинфекциялаудың, ауыз суды таратудың және ағынды суларды тазартудың барлық кезеңдеріне қызығушылық танытты. Өз мақсаттарына жету үшін оған нақты білім қажет.

 «Сондықтан біз «Су ресурстары-Маркетинг» ЖШС-не келіп, жаңа дүниелерді біліп, өз сұрақтарымызға жауап алғанымызға қуаныштымыз. Мекеме мамандары бізге барлық ақпаратты берді! Көптеген деректер мені жақсы жағынан таң қалдырды" - деп бөлісті Амина.

Өз тарапынан «Су ресурстары-Маркетинг» ЖШС-нің  ұжымы балаларға маңызды чемпионатта жеңіс тілейді. Біз Қазақстанда осындай ақылды және озық жастардың барына қуаныштымыз!

«Су ресурстары-Маркетинг»,
Қазақстан Республикасы,
160013, Шымкент қаласы,
Ғ.Орманов көшесі, 17
Хат жазу
Орталық диспетчерлік қызмет: 321-274, 323-574
Жедел желі: 321-275
Тұрғындардың су балансы инспекциясы: 321-180
Коммутатор: 321-247; 321-272 қосымша бөлімнің ішкі нөмірі
Факс: 322-544
Телефон коды: 8 (7252)
Қабылдау: 31-11-94, 32-60-09, 31-11-95
Facebook: Су ресурстары-Маркетинг
whatsapp: 8-708-110-21-21
Telegram чат бот: wrm_bot
жаңа технологиялар мен инвестициялар Жаңа технологиялар Инвестициялар Біздің техника
© Барлық құқықтары «Су ресурстары-Маркетинг» ЖШС-не қарасты
Дизайн және әзірлеу ТОО "LiO Programs" 2023
    
жоғары