русский / қазақ
"Су ресурстары - Маркетинг" ЖШС-і
+7 (7252) 321-275Жедел желі+7 (7252) 321-274Диспетчерлік қызмет

Жаңалық - Компания жаңалықтары

новость от 10.02.2025

Сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін тиімді пайдалану үшін шығын материалдары мен пішінді бөлшектердің көп мөлшері қажет. Маңызды тораптар мен жабдықтар істен шыққан кезде, желілердегі жарылулар кезінде  апаттық-қалпына келтіру жұмыстарын жедел және сапалы жүргізу  сапалы қосалқы бөлшектерді, әртүрлі диаметрлі бекіту арматурасын және т.б. талап етеді.

Сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін пайдалануға қажетті қосалқы бөлшектерді дайындау, жабдықты қалпына келтіру үшін «Су ресурстары-Маркетинг» ЖШС-де механикалық цех іске қосылды. Ондағы жұмысшылардың  басты міндеті - әр түрлі диаметрлі ысырмалар мен  редукторларды, қысым реттегіштер, вантуздар мен әртүрлі клапандарды  жөндеу және толық жұмыс қабілеттілігіне жеткізу, байланыстырушы муфталарды дайындау. Осы маңызды жұмыстарды жүргізу үшін қажетті мамандар мен станоктар паркі бар.

Тораптар мен жабдықтарды қалпына келтіру апаттық жағдайлар туындаған жағдайда сумен жабдықтау мен су бұру жүйесін қалпына келтіру бойынша міндеттерді тез шешуге, бекіту арматурасын, фасонды бөлшектерді және басқа механизмдерді жедел ауыстыруға мүмкіндік береді. Өкінішке орай, Қазақстан өнеркәсібі заманауи жабдықтардағы сумен жабдықтау және су бұру операторларының өндірістік талаптарын үнемі қамти бермейді. Сондықтан, «Су ресурстары-Маркетинг» ЖШС механикалық цехын іске қосу – қажетті қымбат жабдықты сатып алуға,  қомақты қаражат пен уақытты үнемдеуге мүмкіндік беріп отыр

«Су ресурстары-Маркетинг»,
Қазақстан Республикасы,
160013, Шымкент қаласы,
Ғ.Орманов көшесі, 17
Хат жазу
Орталық диспетчерлік қызмет: 321-274, 323-574
Жедел желі: 321-275
Тұрғындардың су балансы инспекциясы: 321-180
Коммутатор: 321-247; 321-272 қосымша бөлімнің ішкі нөмірі
Факс: 322-544
Телефон коды: 8 (7252)
Қабылдау: 31-11-94, 32-60-09, 31-11-95
Facebook: Су ресурстары-Маркетинг
whatsapp: 8-708-110-21-21
Telegram чат бот: wrm_bot
жаңа технологиялар мен инвестициялар Жаңа технологиялар Инвестициялар Біздің техника
© Барлық құқықтары «Су ресурстары-Маркетинг» ЖШС-не қарасты
Дизайн және әзірлеу ТОО "LiO Programs" 2023
    
жоғары