Жаңалық - Компания жаңалықтары
новость от 14.02.2025
«Су
ресурстары-Маркетинг» ЖШС-не Ташкент су арнасының өкілдері келді. Өзбекстандық
әріптестердің сапарының басты мақсаты- кәріз-тазарту құрылыстарында ағынды
суларды тазарту кезінде биотехнологиялардың қолданылуын зерттеу болды. Шымкент
кәсіпорны ТМД-да бірінші болып «Айдро өнімін» – жағымсыз иіс пен артық
тұнбалардан арылуға болатын бірегей технологияны қолдануды көздеді.
Ташкентте екі
миллион алты жүз мыңнан астам адам тұрады. Өзбекстан астанасында ағынды суларды
тазарту үшін үш тазарту қондырғысы жұмыс істейді, олардың жиынтық қуаты
тәулігіне миллион текше метр ағынды суларды өңдеуге жетеді. Үлкен көлем,
жағымсыз иісті және қоқысқа тасталатын шламның көп мөлшердегі қалдығын
білдіреді. Бұл экологияға ауыртпалық түсіреді, қосымша жер ресурстарын, үлкен
энергетикалық және қаржылық шығындарды талап етеді. Дегенмен, «Су
ресурстары-Маркетинг» ЖШС осы мәселелерді шешудің жолын тапты, бұл - «Айдро
өнім»! Өзбекстаннан келген әріптестер Шымкент кәсіпорнының бірегей тәжірибесін
алғысы келеді.
«Өнім құбыр арқылы
өтіп жатқанда, ол микроорганизмдердің тіршілік әрекеті нәтижесінде
коллектордағы ластаушы заттарды тотықтыра бастайды. Бізге, тазарту қондырғыларына,
осы процестердің нәтижесінде тотыққан су келеді. Ішінде болған шөгінді мүлдем
жоқ болады. «Айдро процесін» қолдану нәтижесінде біз түзілетін тұнба көлемін
тәулігіне 2000 текшеден 110-ға дейін
қысқарттық», - деп «Су
ресурстары-Маркетинг» ЖШС-нің менеджері
Ирина Казаринова қонақтарға айтып берді.
Қалған тұнбаны да
қоғамға пайдалы етуге дайындауда. Алдымен ол флокулянт және әктің көмегімен
дезинфекцияланып, ылғалдықты кетіріп
және пресс арқылы өткізіліп, қажетті қалпына жеткен кезде механикалық
сусыздандыру цехына жіберіледі.Осыдан кейін, алынған өнімді тыңайтқыш ретінде
қолдануға болады, кептірілген шөгіндідегі кальцийдің көп мөлшері тұзды жерлерде
пайдалы болады. Ташкент су арнасының өкілдері бұл процестердің бәріне
қызығушылық танытты.
«Артық шламды жою
біз үшін проблема болып табылады. Сондықтан біз сіздің кәсіпорын бұл мәселені
қалай шешетінін білгіміз келді. Барлық процестерді өз көздерімен көріп,
қолданылатын технологиялардың жұмыс істейтініне көз жеткіздік. Екінші сұрақ –
электр энергиясын пайдалану - биогазды қолдану бойынша сіздердің
тәжірибелеріңіз қатты әсер берді! Осы
жерде алған барлық алған ақпарат біздің әрі қарайғы жұмысымыз үшін пайдалы болады", -
деді «Бос су» тазарту құрылыстары
кешенінің технологы Сапарбек Бағышбеков.
Өзбекстан сумен
жабдықтау және су бұру саласының өкілдері «Су ресурстары-Маркетинг» ЖШС-нің жиі
қонақтары. Әріптестер «Су ресурстары-Маркетинг» ЖШС мамандары ұсынатын құнды
тәжірибені қабылдаудан тартынбайды. Жақын арада Ташкент облысында ағынды
суларды тазартумен байланысты ауқымды құрылыс жоспарлануда, сондықтан да жаңа
білім өте қажет болады!
барлық дауыс: 5854
дауыс мұрағаты