Жаңалық - Компания жаңалықтары
новость от 17.02.2025
ҚХП Шымкент филиалының басшысы Бақтияр Жандарбеков
кәсіпорынның бас директоры Анарбек Орманмен кездесіп, «Су ресурстары-Маркетинг»
ЖШС ұжымының өкілдерімен кездесулер өткізді.
Жандарбеков мырзаның сапарының негізгі мақсаты
кәсіпорынның еңбек ұжымының өмірімен танысу болды. Қазақстан президенті
Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылды «Жұмысшы мамандықтар жылы»деп жариялады! Шымкент
тұрғындарын сапалы сумен жабдықтау және су бұру қызметтерімен қамтамасыз ету
үшін слесарлар мен машинистер, сорғы қондырғыларының операторлары,
газ-электрмен дәнекерлеушілер, жүргізушілер және қарапайым жұмысшы кәсіптерінің
басқа да өкілдері тәулік бойы жұмыс жасайды.
Кәсіподақ ұйымының басшысы Гүлнұр Сүюндикова бар
проблемалар туралы егжей-тегжейлі айтып берді. Солардың бірі - төмен жалақы.
«Су ресурстары-Маркетинг» ЖШС басшылығы еңбекақыны көтеруге дайын, алайда, бұл
үшін тиісті мемлекеттік органдардың рұқсаты қажет. Бақтияр Жандарбеков өз
тарапынан бұл мәселені шешуге ықпал етуге уәде берді.
Сапар барысында Қазақстан Халық партиясы Шымкент
филиалының басшысы кәсіпорынның негізгі қызметімен таныстырылды. Жаңа
технологиялар, өндірістік процестерді автоматтандыру және цифрландыру туралы
айтылды. Сынақ зертханасында қонақтарға Шымкентте ауыз судың сапасын бақылау
қалай жүргізілетіні туралы баяндалды. Бақтияр Жандарбеков «Су
ресурстары-Маркетинг» ЖШС-нің жұмысына
және көрсетілетін қызметтердің сапасына жоғары баға берді.
барлық дауыс: 5265
дауыс мұрағаты