Жаңалық - Компания жаңалықтары
новость от 20.02.2025
Делегация
құрамында қала әкімінің орынбасары,
қалалық су арнасының және басқа да коммуналдық қызметтердің басшылары бар. «Су
ресурстары-Маркетинг» ЖШС-нің басшылығымен кездесу барысында бас директор
Анарбек Орман қонақтарға Шымкент кәсіпорнының жетістіктері мен жаңа
технологияларды енгізу туралы айтып берді. Сондай-ақ, энергетика және
коммуналдық секторларды жаңғырту жөніндегі ұлттық жобаның тақырыбы қозғалды.
Осы жобаны іске асыру аясында «Су ресурстары-Маркетинг» ЖШС алдында сумен
жабдықтау және су бұру жүйелерін жаңарту бойынша ауқымды міндеттер тұр.
Кәсіпорын басшысы әріптестеріне ұлттық жобаны іске асыру механизмдері туралы
айтып берді.
«Егер біздің
инвестициялар бойынша алдын ала өтінімімізді техникалық оператор мақұлдайтын
болса, біз осы жұмысты орындауға конкурс жариялауымыз керек. Орындаудың екі
түрі бар – мердігерді таңдау немесе консорциум құру», - деп түсіндірді Анарбек
Орман.
Сапардың бірінші
күні Бекабад қаласынан келген делегация Ақбай-Қарасу су қабылдағышына барды.
Бұл Шымкент үшін, жерасты ұңғымаларынан су өндірілетін, ауыз судың негізгі
жеткізушісі. Энергияны үнемдейтін жабдықтың арқасында су өндіру шығындары азайтылды. Қонақтарға су өндіруде
қолданылатын заманауи сорғы қондырғылары туралы егжей-тегжейлі айтылды.
«Біздің мұнда
келуіміздің басты мақсаты - Шымкенттегі сумен жабдықтау және су бұру
операторының қызметімен танысу. Біз сіздің пайдалы тәжірибеңізді және электр
энергиясын және басқа ресурстарды үнемдейтін жаңа технологияларды қолданысқа
алғымыз келеді», - деп бөлісті Бекабад қаласы әкімінің орынбасары Эркингжон
Норбутаев.
Әріптестер құбырлар
арқылы тасымалдау алдында ауыз судың қалай зарарсыздандырылатынына қызығушылық
танытты. Зарарсыздандыру станциясында оларға «Грундфос» қондырғысы туралы,
электролиздің арқасында негізгі дезинфекциялаушы зат болып табылатын натрий
гипохлориті қаныққан тұзды ерітіндіден алынатыны туралы айтылды. Сонымен қатар,
«Су ресурстары-Маркетинг» ЖШС-нің сынақ зертханасы судың сапасын тұрақты түрде бақылап отырады. Ташкент
облысынан келген делегацияның сапары жалғасуда.
барлық дауыс: 5895
дауыс мұрағаты