русский / қазақ
"Су ресурстары - Маркетинг" ЖШС-і
+7 (7252) 321-275Жедел желі+7 (7252) 321-274Диспетчерлік қызмет

Жаңалық - Компания жаңалықтары

новость от 21.02.2025

Сапардың екінші күнін Ташкент облысының коммуналдық қызметкерлері тазарту құрылыстары кешенінің жұмысын зерттеуге арнады. Қонақтарды таң қалдырған бірінші нәрсе - кешеннің қақ ортасында иістің болмауы. Көптеген су арналары үшін жағымсыз иіс пен КТҚ-ның шамадан тыс тұнбасы үлкен проблема болып табылады. Бұл деген экологияға зиян келтіріледі, жер ресурстары жұмсалады, қосымша энергетикалық және қаржылық шығындар қажет етеді. «Су ресурстары-Маркетинг» ЖШС-нің мамандары «Айдро Процесс» биотехнологиясының арқасында осы проблеманы шешудің жолын тапты. Бүгінгі таңда КТҚ-на жақын ауылдардың тұрғындары жағымсыз иістен құтылды, ал артық тұнбаның мөлшері 95% - ға азайды. Қонақтарға «Айдро» биотехнологиясы және оны қолдану тәсілдері туралы егжей-тегжейлі айтылды. Сонымен қатар, «Су ресурстары-Маркетинг» ЖШС мамандары Бекабадтан келген әріптестерін ағынды суларды тазартудың өндірістік айналым процесімен, биогаз қондырғысы мен тұнбаны механикалық сусыздандыру цехының жұмысымен таныстырды.

«Иіс жоқ, артық тұнба іс жүзінде қалмайды және бұл бізге үлкен әсер берді. Жасыл технологиялар өте көп, электр энергиясы  түрлі балама көздерден алынады. Биогаз қондырғысы тазарту қондырғысы кешенінің электр қуатына деген қажеттілігінің едәуір бөлігін жабады және жылу қажеттілігін 100% жабады. Барлығы автоматтандырылған, энергияны үнемдейтін жабдықтар көп. Әрине, бізге «Айдро» биотехнологиясы ұнады. Біз өз жұсысымызда сіздің пайдалы тәжірибеңізді міндетті түрде ескереміз!» - деді Бекабад қаласы су арнасының басшысы Хайрулло Ғайбуллаев.

Тараптар алдағы уақытта да тәжірибе алмасуға келісті. «Су ресурстары-Маркетинг» ЖШС мамандарының делегациясы жақын арада Ташкент облысына барады.

«Су ресурстары-Маркетинг»,
Қазақстан Республикасы,
160013, Шымкент қаласы,
Ғ.Орманов көшесі, 17
Хат жазу
Орталық диспетчерлік қызмет: 321-274, 323-574
Жедел желі: 321-275
Тұрғындардың су балансы инспекциясы: 321-180
Коммутатор: 321-247; 321-272 қосымша бөлімнің ішкі нөмірі
Факс: 322-544
Телефон коды: 8 (7252)
Қабылдау: 31-11-94, 32-60-09, 31-11-95
Facebook: Су ресурстары-Маркетинг
whatsapp: 8-708-110-21-21
Telegram чат бот: wrm_bot
жаңа технологиялар мен инвестициялар Жаңа технологиялар Инвестициялар Біздің техника
© Барлық құқықтары «Су ресурстары-Маркетинг» ЖШС-не қарасты
Дизайн және әзірлеу ТОО "LiO Programs" 2023
    
жоғары