Жаңалық - Компания жаңалықтары
новость от 26.02.2025
«Шымкент экология
департаменті тазарту құрылыстарысыз жұмыс істеп жатқан жеті кәсіпорынның
қызметін тоқтата тұруға сот арқылы қол жеткізді. Сонымен қатар, сот шешімі
бойынша сабын цехы мен күкірт шикізатын
сақтау қоймасының жұмысы уақытша тоқтатылды. Сондай-ақ, бұзушыларға жалпы
сомасы 12,7 млн теңгеге айыппұл салынды!». – деп хабарлайды Шымкенттік БАҚ.
«Су
ресурстары-Маркетинг» ЖШС-нің басшылығы өз алдына өнеркәсіптік ағынды суларды
бақылау үшін қысқа мерзімде су бұру желілерін цифрландыру міндетін қойып отыр.
Қазіргі уақытта ағынды сулардың кәріз желісіне зиянды заттардың шекті рұқсат
етілген концентрациясынан (ШРЕК) асатын төгінділер тіркелуде. Бұл лак-бояу
бұйымдарын, мұнай өнімдерін, металл және т. б. өндірумен байланысты
кәсіпорындар.
Улы ағынды сулар
экологияға, халықтың санитарлық қауіпсіздігіне қауіп төндіреді, олар
коммуналдық инфрақұрылымның тұтастығына айтарлықтай зиян келтіреді және
желілердің тез тозуына әкеледі. Ағынды суларды тазарту құрылыстарының кешені
үшін үлкен қауіпті ШРЕК-нан асып кеткен ағынды сулар төндіріп тұр. Ең алдымен,
бактериялардың қатысуымен биологиялық тазарту үшін - олар улы ортаға түскен
жағдайда өлуі мүмкін. Бұның өзі бактериялардың жаңа партиясы өсірілгенге дейін КТҚ-ты
тоқтату қаупін тудырады және үлкен уақыт пен қаржылық шығындарды талап етеді.
Биогаз өндірілетін метантенкке түскен жағдайда улы заттар технологиялық
процесті бұзып, биогаз қондырғысын істен шығаруы мүмкін!
Сондықтан да
өнеркәсіптік кәсіпорындар ағынды суларды орталықтандырылған кәрізге шығарар
алдында зиянды заттардан тазарту үшін жергілікті тазарту қондырғыларын қолдануы
керек. Ал өнеркәсіптік ағынды суларды бақылау үшін «Су ресурстары-Маркетинг»
ЖШС-нің әкімшілігі автоматты сынама іріктегіштерді орнатуды жоспарлап отыр. Бұл
ақылды құрылғылар нақты уақыт режимінде ағынды сулардағы зиянды заттардың артық
концентрациясын анықтай алады және бұл туралы сигнал бере алады. Ең дұрысы,
бұзушылық туралы деректер су бұру қызметтерінің операторына, саладағы мемлекеттік
органдарға және бұзушылық жасаған кәсіпорынға жіберілетін жүйені құру
жоспарлануда. Ағынды сулардың сынамаларын іріктеу мен талдауды автоматтандыру
жұмыстары жүргізілуде. Осындай жүйелерді енгізген шетелдік әріптестердің
тәжірибесі мұқият зерттелуде. Айта кетейік, бұл қадам Қазақстанның
энергетикалық және коммуналдық секторларын жаңғырту жөніндегі ұлттық жобаны
іске асыруға сәйкес келеді.
барлық дауыс: 5934
дауыс мұрағаты