Жаңалық - Компания жаңалықтары
новость от 26.02.2025
«Су ресурстары-Маркетинг» ЖШС-нің бас директоры Анарбек Орман Маңғыстау
облысының әкімі Нұрдәулет Қилыбайдың шақыруымен Ақтау қаласына барды. Қазіргі
уақытта Маңғыстау облыс орталығында сумен жабдықтау және ағынды суларды тазарту
мәселелері байқалуда.
Ауыз суды беру және оны есепке алу, су балансын
бақылау, тазарту құрылыстары кешенін салу және т.б. байланысты
проблемалық мәселелерді шешу үшін
өңір басшылығы көмекке «Су
ресурстары-Маркетинг» ЖШС мамандарын тартуға шешім қабылдады. Мұндай шешімнің
себебі анық - Шымкент кәсіпорны
Қазақстанның сумен жабдықтау және су бұру саласындағы үздіктердің бірі болып
саналады. Шымкентте ең озық технологиялар мен жабдықтар қолданылады, ал
мамандарының қажетті құзыреттері бар. Тазарту құрылыстары кешені ТМД-дағы ең
үздіктердің бірі!
«Су ресурстары-Маркетинг» ЖШС-нің бас директоры Анарбек Орман әріптестеріне
қажетті көмек көрсетуге бел буды. Жақын
арада Шымкенттік сумен жабдықтау және су бұру қызметтері операторының өкілдері
жағдайды егжей-тегжейлі зерделеу үшін Ақтау қаласына сапар шегуді жоспарлап
отыр. Осыдан кейін бар проблемаларды шешу бойынша «Жол картасы» әзірленетін
болады.
барлық дауыс: 5363
дауыс мұрағаты