Жаңалық - Компания жаңалықтары
новость от 03.03.2025
Көкшетаудан келген әріптестер Шымкентке «Су
ресурстары-Маркетинг» ЖШС-нің тәжірибесін мұқият зерделеу үшін келді. «Көкшетау
су арнасы» МКК мамандарының алдында бірнеше өзекті мәселелерді шешу тұр. Ең
бастысы - тазарту құрылыстарының кешенін қайта құру және іске қосу.
«Қазіргі
уақытта ол ескірді! Сондықтан, біз
Көкшетау қаласында ағынды суларды өңдеу үшін жаңа КТҚ салғымыз келеді. Сол
себептен, біз Шымкентке келіп, сіздердің технологияларыңызды көрдік» - деп
сапардың мақсатын «Көкшетау су арнасы»
МКК бас инженері Қазбек Сәдуақасов ашып берді.
Көкшетау қаласының мамандары Ақбай-Қарасу су
қабылдағышындаа болып, диспетчерлік қызметінің жұмысы мен энергиялық тиімді сорғы жабдықтарымен
танысты. Құбырлар арқылы тасымалдау алдында суға натрий гипохлориті қосылатын
зарарсыздандыру станциясына ерекше назар аударылды. Географиялық ақпараттық
жүйені пайдалану және желілердегі су қысымын гидравликалық модельдеу арқылы бақылауды енгізу қонақтардың ерекше
қызығушылығын тудырды.
"Мұның бәрін басқаруды бастадық! Қысым
реттегіштерін орнаттық, алдымен үлкен
аймақтарды қамтыдық, содан кейін кіші
аймақтарға кірістік. Біз барлық есептерді өзіміз жасадық» - деп түсіндірді «Су ресурстары-Маркетинг» ЖШС-нің ГАЖ
бөлімінің басшысы Михо Вейсалидзе.
Қонақтарға, бейнелеп айтқанда, құбырдың ішін көруге
мүмкіндік беретін, «Посейдон» жуу кешені мен «Ravion» телеинспекциялық жүйесін
пайдалана отырып, кәріз желілеріндегі профилактикалық жұмыстардың барысы
көрсетілді. Қонақтар үлкен диаметрлі коллекторды жуумен де таныстырылды, ол
үшін арнайы, арнаны тазарту машинасы
қолданылады.
Қалған уақытты «Көкшетау су арнасы» МКК өкілдері
тазарту құрылыстары кешенінің жұмысын зерттеуге арнады. Оларға, артық лай мен жағымсыз иістен арылуға, ағынды
суларды тазарту процестерін автоматтандыруға және тазартылған ағынды суларды
пайдалануға мүмкіндік беретін «Айдро» биотехнологиясын қолдану туралы
баяндалды.
«Көп нәрсе
білдік! Қазақстанда бұл, бәлкім, осындай
алға самғап жатқан жалғыз
кәсіпорын шығар. Нәтижесі бар, өз
технологияларын жасады. КТҚ бойынша -
ағынды суларды қалдықсыз қайта өңдеу жүріп жатыр, түбінде ауыл шаруашылығында
суару үшін пайдаланылатын техникалық су алынады» - деп өз әсерімен бөлісті
Қазбек Сәдуақасов.
Қазақстанның энергетикалық және коммуналдық
секторларын жаңғырту жөніндегі ұлттық жобаны іске асыру сумен жабдықтау және су
бұру қызметтерінің операторларынан өз қызметіне басқа жолдарды таңдауды талап
етеді. Саладағы кәсіпорындар бюджеттік қаржыландаруға тәуелді емес,
инвестициялық тартымды болуы тиіс. «Су ресурстары-Маркетинг» ЖШС осы талаптарға
сәйкес келеді және өз тәжірибесімен әріптестерімен бөлісуге дайын.
барлық дауыс: 5313
дауыс мұрағаты