русский / қазақ
"Су ресурстары - Маркетинг" ЖШС-і
+7 (7252) 321-275Жедел желі+7 (7252) 321-274Диспетчерлік қызмет

Жаңалық - Қазақстан жаңалықтары

новость от 12.03.2025

Қазақстан жыл сайын 25 текше шақырым су тұтынады. Салыстыру үшін: Балқаш көлінің көлемі 100 текше шақырым. Яғни, ел тұрғындары  жыл сайын Балқаштың төрттен бір бөлігін ішеді! Бұл көлемнің 60 пайызы ауыл шаруашылығына, 30 пайызы өнеркәсіпке және тек 1-3 пайызы ғана ауыз сумен қамтамасыз етуге жұмсалады. Ауыз су - ең қымбат ресурс. Оны су көзінен  өндіру, ондаған және жүздеген шақырымға тасымалдау қажет, тазарту, химиялық өңдеу, сапасын бақылау қажет, содан кейін ғана ол су құбырына түседі.

Әрбір су пайдаланушы суды үнемдеу және қайта пайдалану технологияларын енгізу бойынша бес жылдық бағдарламалар дайындауға міндетті болады. Осы жоспарларды әзірлеуге екі жыл беріледі, содан кейін оларсыз суды пайдалануға рұқсат берілмейді. Су пайдаланушылар шығындарды есептеп, технологиялар мен жауапты орындаушыларды таңдап, күтілетін әсерін жазып, бағдарламаларын қорғауға тиіс. Ең тиімдісін таңдау мүмкіндігі бар заманауи ең үздік қолжетімді технологиялар (ҮҚТ) тізілімі құрылады. Кәсіпорындарды ынталандыру үшін  ҮҚТ енгізіледі,  мемлекет субсидиялау механизмін қарастырды.

Ирригациялық кондоминиумдары. Қазір жағдай келесідей: өзеннің немесе каналдың жанында жүздеген, тіпті мыңдаған су пайдаланушылар бар. Басына жақын адамдар су алады, бірақ арналарды күтіп ұстау шығындарын көтереді. Соңында жүргендер көбінесе сусыз қалады және су алуды көбейтуді талап етеді. Енді олар бірігіп су ресурстарын: жөндеуді, судың біркелкі бөлінуін бақылауды бірлесіп басқаруға тиіс.

Суды көп тұтынатын ауыл шаруашылығында судың шығыны 60 пайызға жетеді! Су тесік арналар арқылы жерге сіңеді, сондай-ақ, буланып кетеді. Мемлекетке тиесілі магистральдық арналар өтетін жерде жаңғыртуды мемлекет жүргізеді. Бірақ жеке меншіктегі немесе жалға алынған екінші және үшінші реттік арналарды меншік иелерінің өздері  бес жылдық инновациялық бағдарламалар арқылы жаңартуы тиіс!

Ауыз су тарифтерін саралау! Ең аз көлем - бір адамға айына үш текше метр су. Бұл көлем базалық тариф бойынша төленеді. Орташа диапазон - бір адамға 3-5 текше су. Жоғары диапазон - 5-10 текше метр және нормадан артық тұтыну -10 текше метрден асады. Бұл жағдайда қос тариф қолданылады. Егер  жуынуға, душқа немесе ваннаға, кір жууға, тамақ дайындауға жұмсалатын судың орташа мөлшерін есептейтін болсақ, бұл мөлшер барлық тұрмыстық қажеттіліктерді жабуға жеткілікті болады. Егер отбасында бірнеше адам болса, судың жиынтық көлемі артады. Мысалы, төрт адамнан тұратын отбасы базалық тариф бойынша 12 текше метр лимит алады.

Автокөлік жуу орындары арнайы су пайдаланатындарға жатады, бұл оларды екі жыл ішінде суды қайта пайдалану жүйесін әзірлеуге және енгізуге міндеттейді. Егер автокөлік жуу орны бұл талаптарды орындамаса, оған суды пайдалануға рұқсат берілмейді, яғни бизнес жабылады. Автокөлік жуу орындары да үлкен су пайдаланушылар болып табылады, өйткені автомокөлікті  бір рет жууға 200 литр су кетеді.

Техникалық су! Жаңа Су кодексі техникалық су құбырларын жобалауға және салуға рұқсат береді, ал жергілікті билік оларды инфрақұрылымға сала алады. Ірі қалаларда үлкен көлемдегі суды ағызатын кәсіпорындар бар. Бұл суларды техникалық желілерге бағыттауға болады, содан кейін жеке секторда суару үшін, өнеркәсіптік қажеттіліктер үшін, тіпті дәретханаларда ағызу үшін де пайдалануға болады. Мәселен, «Су ресурстары-Маркетинг» ЖШС-гі  Ордабасы ауданына, техникалық дақылдарды суару үшін тазартылған ағынды суларды береді.

(деректер «Время» газетінен)

 

«Су ресурстары-Маркетинг»,
Қазақстан Республикасы,
160013, Шымкент қаласы,
Ғ.Орманов көшесі, 17
Хат жазу
Орталық диспетчерлік қызмет: 321-274, 323-574
Жедел желі: 321-275
Тұрғындардың су балансы инспекциясы: 321-180
Коммутатор: 321-247; 321-272 қосымша бөлімнің ішкі нөмірі
Факс: 322-544
Телефон коды: 8 (7252)
Қабылдау: 31-11-94, 32-60-09, 31-11-95
Facebook: Су ресурстары-Маркетинг
whatsapp: 8-708-110-21-21
Telegram чат бот: wrm_bot
жаңа технологиялар мен инвестициялар Жаңа технологиялар Инвестициялар Біздің техника
© Барлық құқықтары «Су ресурстары-Маркетинг» ЖШС-не қарасты
Дизайн және әзірлеу ТОО "LiO Programs" 2023
    
жоғары