русский / қазақ
"Су ресурстары - Маркетинг" ЖШС-і
+7 (7252) 321-275Жедел желі+7 (7252) 321-274Диспетчерлік қызмет

Жаңалық - Қазақстан жаңалықтары

новость от 27.03.2025

Еліміздің 23 қаласында кәріз тазартатын қондырғы мүлдем жоқ. Бұл туралы Өнеркәсіп және құрылыс Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитетінің төрағасы Бақытжан Жүнісбеков айтты. Республикадағы 90 қаланың 60-ында ғана кәріз тазартатын қондырғы бар. Олардың тозуының орташа деңгейі 65 пайызға жетіп отыр. Тек 21 нысан халықтың сұранысын толық қанағаттандырады. 23 қалада кәріз тазартатын қондырғылар мүлдем жоқ. Оның 13-інде халық санының аздығына және орталықтандырылған кәріз жүйесінің жоқтығына байланысты тазарту қондырғыларының құрылысы кейінге қалдырылған.

— Жеті қалада жалпы сомасы 30 млрд теңгеге кәріз тазартатын қондырғыларды қайта жаңғырту және салу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Өткен жылы Форт-Шевченко және Сарыағаш қалаларында кәріз тазартатын қондырғыларды салу және қайта жаңарту жұмыстары аяқталды. Биыл Қызылорда және Ленгер қалаларының кәріз тазартатын қондырғылары құрылысына 1,7 млрд теңге көлемінде қаржыландыру қарастырылды. Қонаевта кәріз тазартатын қондырғыны жаңғырту мемлекеттік-жекешелік әріптестік тетігі арқылы жүргізілуде, — деді Бақытжан Жүнісбеков.

«Су ресурстары-Маркетинг»,
Қазақстан Республикасы,
160013, Шымкент қаласы,
Ғ.Орманов көшесі, 17
Хат жазу
Орталық диспетчерлік қызмет: 321-274, 323-574
Жедел желі: 321-275
Тұрғындардың су балансы инспекциясы: 321-180
Коммутатор: 321-247; 321-272 қосымша бөлімнің ішкі нөмірі
Факс: 322-544
Телефон коды: 8 (7252)
Қабылдау: 31-11-94, 32-60-09, 31-11-95
Facebook: Су ресурстары-Маркетинг
whatsapp: 8-708-110-21-21
Telegram чат бот: wrm_bot
жаңа технологиялар мен инвестициялар Жаңа технологиялар Инвестициялар Біздің техника
© Барлық құқықтары «Су ресурстары-Маркетинг» ЖШС-не қарасты
Дизайн және әзірлеу ТОО "LiO Programs" 2023
    
жоғары