Жаңалық - Компания жаңалықтары
новость от 10.04.2025
Маңғыстаудан келген әріптестер Шымкент қаласы үшін
ауыз судың негізгі бөлігі өндірілетін Ақбай-Қарасу су қабылдағышының жұмысымен
танысты. Өндірістік процестердің көбісі автоматтандырылған, су
қабылдағыштарында заманауи және энергияны үнемдейтін сорғы жабдықтары
орнатылған. Ақтауда ауыз су қала тұрғындарының үйлеріне Каспий теңізінен
түседі. Тұзды суды тұщыландыруды «МАЭК»
ЖШС кәсіпорны жүзеге асырады, содан кейін су сумен жабдықтаудың төрт
орталық торабы арқылы бөлінеді.
Алайда, Ақтаулық әріптестер арасында Шымкент
кәріз-тазарту құрылыстарының кешені ерекше қызығушылық тудырды. Өйткені,
Маңғыстау облыс орталығында кезекті КТҚ салу жоспарлануда, сондықтан қонақтарға
Шымкент мамандарының тәжірибесін зерделеу маңызды болды. Оның ішінде ағынды
суларды тазарту процестерін автоматтандыру, энергияны үнемдейтін сорғы және ауа
үрлеу жабдықтары, кешеннің қажеттіліктерін жабу үшін баламалы энергия көздерін
пайдалану және әрине, артық тұнба мен
жағымсыз иістен құтылу үшін «Айдро процесс» биотехнологиясын қолдану. Сонымен
қатар, оларға Шымкентте хлорелла қолдану тәжірибесін зерделеу маңызды болды,
соның арқасында Бөржар жинақтағышындағы ағынды суларды толық тазарту жұмыстары
жүргізілуде. Ақтаудағы әріптестер көргендеріне таңданып, «Су
ресурстары-Маркетинг» ЖШС мамандарының жұмысына өте жоғары баға берді.
Одан басқа, «Каспи жылу, су арнасы» МКК өкілдері «Су
ресурстары-Маркетинг» ЖШС мамандарын
оқыту және біліктілігін арттыруға арналған
«Smart-маман» оқу орталығының қызметімен танысып, Шымкент кәсіпорнының
мұражайына барды.
барлық дауыс: 6083
дауыс мұрағаты