Жаңалық - Компания жаңалықтары
новость от 11.04.2025
Сапардың соңғы күні «Каспий жылу, су арнасы» МКК мамандары «Су ресурстары-Маркетинг» ЖШС-нің сумен жабдықтау және су бұру желілерінде жоспарлы- алдын алу жұмыстардың жүргізілуімен танысты.
Қонақтарға түрлі диаметрлі құбырлардың ішкі жағдайын зерттеу үшін қолданылатын «Ravion» теле-инспекциялық жүйесі ұсынылды. Бейнекамерамен жабдықталған доңгелекті роботтың (үлкен диаметрлі коллекторлар үшін арнайы қайық қолданылады) арқасында мамандар проблемалық жерлерді көре алады және ықтимал қауіптерді жою үшін жедел шешімдер қабылдай алады. Сондай-ақ, телеинспекциялық жүйе жаңартылған құбырларды пайдалануға қабылдау кезінде қолданылады.
Еңбекші аудандық су арнасының мамандары әріптестеріне жоспарлы-алдын алу тексерулері және су құбыры желілеріндегі жұмыстар туралы айтып берді. Фотофиксацияны қоса алғанда, барлық деректер кәсіпорынның географиялық-ақпараттық жүйесіне (ГАЖ) енгізіледі. Бұл деректер болашақта инвестициялық бағдарламаларды дайындау, күрделі жөндеулер жүргізу және т.б. үшін пайдаланылады.
Тереңірек ақпарат алу үшін әріптестер Шымкент кәсіпорнының негізгі бөлімдері мен бөлімшелерінің басшыларымен В2В форматында кездесулер өткізіп, сумен жабдықтау және су бұру саласындағы өзекті мәселелер бойынша білімдерімен алмасты. Жалпы, сапар өте толыққанды болды, Ақтау өкілдері көптеген пайдалы және қажетті ақпарат алды. Алынған тәжірибе «Каспий жылу, су арнасы» МКК жұмысында енгізілетін болады.
дауыс беруБіздің сайт туралы кайдан білдіңіз?
Іздеу жүйелері
32.9%
Достарым, таныстарымның кеңесі бойынша
18.2%
есеп-хабарламадағы хабарламадан
18.2%
БАҚ
14.7%
Басқа
15.6%
барлық дауыс: 6083
дауыс мұрағаты