Жаңалық - Компания жаңалықтары
новость от 23.04.2025
«Су ресурстары-Маркетинг» ЖШС-нің мамандары зиянды
заттардың (ЗЗРЕК) рұқсат етілген концентрациясынан едәуір асатын ағынды
сулардың орталықтандырылған кәріз желісіне ағызу жағдайларын тіркеуде. Бұл
фактілер су бұру желілерінің жай-күйіне, тазарту құрылыстары кешенінің жұмысына
және тұтастай алғанда, Шымкент экологиясына теріс әсерін береді!
Қазіргі уақытта улы ағынды сулардың әлеуетті
жеткізушілері болып табылатын кәсіпорындарға тексеру жүргізілуде. Нақты уақыт
режимінде қауіпті ағындарды анықтауға және бұл туралы қызмет көрсетуші мен
салалық құзыретті органдарға хабарлауға мүмкіндік беретін автоматты сынама
іріктегіштер орнатылады.
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің
2015 жылғы 20 шілдедегі № 546 «Елді мекендердің су бұру жүйелеріне сарқынды
суларды қабылдау қағидаларын» бекіту туралы бұйрықтың бұзылуы, яғни ЗЗРЕК-нан
аса отырып, ағынды суларды орталықтандырылған кәріз желісіне ағызу анықталған
жағдайда «Су ресурстары-Маркетинг» ЖШС әкімшілігі келтірілген материалдық
залалды өтеу туралы бұзушыға қойылған талап-арызбен сотқа жүгіну құқығын өзіне
қалдырады. Сонымен қатар, тұтынушы
анықталған бұзушылықтарды толық
жоюына дейін сумен жабдықтау және су
бұру қызметтерінен ажыратылуы мүмкін.
Сондай-ақ, қала тұрғындарынан ассенизаторлық
көліктерден орталық кәрізге ағынды суларды ағызу анықталған жағдайда, осындай
фактілер туралы кәсіпорынның орталық диспетчерлік қызметіне: +77081102121
телефоны арқылы хабарлауды немесе +77057581111 вацап нөміріне жазуды сұраймыз. Фотосуреттер және
бейнелермен растау құпталады. Мұндай төгінділер сіздің аймағыңыздағы су
бұру және санитарлық қауіпсіздік
жүйелеріне айтарлықтай зиян келтіруі мүмкін.
барлық дауыс: 6112
дауыс мұрағаты