Жаңалық - Компания жаңалықтары
новость от 08.05.2025
Тұтынушыларды онлайн режимде кезекті
қоғамдық қабылдауы 2025
жылғы 6
мамырда өтті. Іс-шараның
модераторы болып Шымкент қаласы бойынша ҚР ҰЭМ
Табиғи монополияларды бақылау департамент
басшысы Кенжеболат Кошекбаев жүргізді. Трансляция
Департаменттің Facebook әлеуметтік
желісіндегі аккаунтында жүргізілді.
Қоғамдық қабылдауға коммуналдық
қызметтерді жеткізуші кәсіпорындардың,
мемлекеттік және қоғамдық
ұйымдардың өкілдері қатысты.
Кенжеболат Көшекбаев коммуналдық
қызметтер саласындағы ағымдағы
жағдай, тарифтер және
2025 жылға
арналған инвестициялық бағдарламаларды іске асыру туралы
айтып берді. Сондай-ақ, ол тұтынушылардан түскен сұрақтарға
жауап берді. "Су
ресурстары-Маркетинг" ЖШС қызметіне
қатысты сұрақтар түскен
жоқ. Айта
кетейік, мұндай қоғамдық
қабылдаулар ай сайын әр
бірінші сейсенбіде өткізіледі. Шымкент
қаласының сумен жабдықтау және су бұру
қызметтерін тұтынушылар кәсіпорынның
әлеуметтік желілердегі аккаунттары
арқылы "Су ресурстары-Маркетинг"
ЖШС-не тікелей жүгіне
алады немесе
whatsapp-қа жаза алады:+77057581111 (қоғаммен байланыс
бөлімі), Біз сіздің
өтінішіңізге міндетті түрде жауап береміз. Сумен
жабдықтау немесе су бұру
желілерін пайдалануға байланысты
проблемалар туындаған жағдайда
+77081102121 ( whatsapp)нөмірі
бойынша кәсіпорынның орталық диспетчерлік
қызметіне хабарласу қажет
барлық дауыс: 5482
дауыс мұрағаты