русский / қазақ
"Су ресурстары - Маркетинг" ЖШС-і
+7 (7252) 321-275Жедел желі+7 (7252) 321-274Диспетчерлік қызмет

Жаңалық - Компания жаңалықтары

новость от 13.05.2025

Арысұлан Айтбаевтың сапарының басты мақсаттарының бірі - Ydro process® биотехнологиясын зерттеу болды. Бұл бірегей өнімді Шымкенттегі ағынды суларды тазарту процесіне енгізу ең оң нәтижелерге әкелді. «Су ресурстары-Маркетинг» ЖШС мамандары мен биотехнология жеткізушілерінің тығыз үйлесімі арқасында жағымсыз иіс пен артық тұнбадан арыла алды. Осылайша, кәсіпорын басшылығы бірден, бастысы – экологиялық міндет болып табылатын, бірнеше міндеттерді шешті. Күн тәртібінен артық шөгінділерді жою мәселесі алынып тасталды, ал жақын маңдағы тұрғын алаптардың тұрғындары жағымсыз иістен туындаған ыңғайсыздықтан құтыла бастады. Шымкенттік кәсіпорын ТМД аумағында бірінші болып биотехнологияны қолдану туралы шешім қабылдады және ол шешімі сәтті болды. Қазақстандық су арналарындағы әріптестер, сондай-ақ Өзбекстан мамандары бірегей тәжірибеге қызығушылық танытты. Тазарту құрылыстары кешендерінің, кәріз-сорғы станцияларының айналасындағы жағымсыз иіс -көптеген қазақстандық қалалардың бас ауруы. Ydro Process® бұл мәселені шешудің тиімді әдістерінің бірі! Ақтөбе облысының энергетика және инфрақұрылымдық даму басқармасының басшысы Арысұлан Айтбаев Ydro Process® биотехнологиясын және хлорелла штаммын қолдану тәжірибесін мұқият зерделеді. Жақын болашақта бірегей өнімдер Қазақстанның тағы бір қаласында пайдаланылуы мүмкін.


«Су ресурстары-Маркетинг»,
Қазақстан Республикасы,
160013, Шымкент қаласы,
Ғ.Орманов көшесі, 17
Хат жазу
Орталық диспетчерлік қызмет: 321-274, 323-574
Жедел желі: 321-275
Тұрғындардың су балансы инспекциясы: 321-180
Коммутатор: 321-247; 321-272 қосымша бөлімнің ішкі нөмірі
Факс: 322-544
Телефон коды: 8 (7252)
Қабылдау: 31-11-94, 32-60-09, 31-11-95
Facebook: Су ресурстары-Маркетинг
whatsapp: 8-708-110-21-21
Telegram чат бот: wrm_bot
жаңа технологиялар мен инвестициялар Жаңа технологиялар Инвестициялар Біздің техника
© Барлық құқықтары «Су ресурстары-Маркетинг» ЖШС-не қарасты
Дизайн және әзірлеу ТОО "LiO Programs" 2023
    
жоғары