русский / қазақ
"Су ресурстары - Маркетинг" ЖШС-і
+7 (7252) 321-275Жедел желі+7 (7252) 321-274Диспетчерлік қызмет

Жаңалық - Компания жаңалықтары

новость от 15.05.2025

Қазақстандық су қауымдастығы Қазақстандық су арналарының мамандары үшін кезекті оқыту семинарын ұйымдастырды. Күн тәртібінде – сумен жабдықтау желілерінің гидравликалық моделін құру және географиялық ақпараттық жүйені пайдалану тиімділігі. Баяндамашы «Су ресурстары-Маркетинг» ЖШС-нің ГАЖ бөлімінің басшысы Михо Вайсалидзе болды.

Гидравликалық модельді әзірлеу арнайы бағдарламалық қамтамасыз етуді, күрделі математикалық есептеулерді, бақылау-өлшеу құралдарының кең паркі мен білікті мамандарды қажет етеді.

«Су ресурстары-Маркетинг» ЖШС-де географиялық ақпараттық жүйе мен арнайы бағдарламалық қамтамасыз етудің көмегімен гидравликалық модель құрылды және ол сәтті жұмыс істеуде. Оның көмегімен су желілеріндегі қысымды реттеуге, ағындардың қозғалысын құбырлар арқылы қайта бөлуге және жалпы жағдайды бақылауға болады. Нәтижесінде апаттылық азаяды, демек пайдалану шығындары да азаяды! Бұдан басқа, осы деректердің негізінде сумен жабдықтау желілеріне қосылуға техникалық шарттар беріледі.

Михо Вайсалидзе семинарға қатысушыларға гидравликалық модельді құрудың барлық кезеңдері туралы айтып, келіп түскен сұрақтарға жауап берді. Айта кетсек, бұл бағыт су саласының көптеген мамандарын қызықтырады.


«Су ресурстары-Маркетинг»,
Қазақстан Республикасы,
160013, Шымкент қаласы,
Ғ.Орманов көшесі, 17
Хат жазу
Орталық диспетчерлік қызмет: 321-274, 323-574
Жедел желі: 321-275
Тұрғындардың су балансы инспекциясы: 321-180
Коммутатор: 321-247; 321-272 қосымша бөлімнің ішкі нөмірі
Факс: 322-544
Телефон коды: 8 (7252)
Қабылдау: 31-11-94, 32-60-09, 31-11-95
Facebook: Су ресурстары-Маркетинг
whatsapp: 8-708-110-21-21
Telegram чат бот: wrm_bot
жаңа технологиялар мен инвестициялар Жаңа технологиялар Инвестициялар Біздің техника
© Барлық құқықтары «Су ресурстары-Маркетинг» ЖШС-не қарасты
Дизайн және әзірлеу ТОО "LiO Programs" 2023
    
жоғары