Жаңалық - Компания жаңалықтары
новость от 19.05.2025
Шымкент қаласының тазарту құрылыстары кешенінің
технологиялық процестерімен экология, су ресурстары және ирригация, өнеркәсіп
және құрылыс министрліктерінің бас сарапшылары танысты. Қонақтарды Шымкент
қаласының экология департаментінің басшысы Ермахан Қозыбаев алып жүрді.
«Су ресурстары-Маркетинг» ЖШС менеджері Ирина
Казаринова келушілерге ағынды сулардың технологиялық процесі, кешен тарихы және
биотехнологиялар туралы айтып берді. Жүргізілген жаңғырту мен инновациялардың
арқасында КТА объектісінің ағынды суларын биологиялық тазартуға арналған
энергия тиімділігінің көрсеткіші климаттық жағдайлары мен ерекшеліктері ұқсас
ҚР, ЕО елдері, АҚШ, Қытай және Ресей қалалары бойынша ұқсас орташа
көрсеткіштермен салыстырғанда өте жоғары деңгейде. Кәсіпорын қолжетімді ең
жақсы техника қағидаттарының 83,98 % - на сәйкес келеді.
Сарапшылар биогаз қондырғысы мен тұнбаны механикалық
сусыздандыру цехының жұмысымен таныстырылды, сондай–ақ жұмыстың нәтижесі -
техникалық ауыл шаруашылығы дақылдарын суаруға кететін таза су көрсетілді.
барлық дауыс: 5458
дауыс мұрағаты