русский / қазақ
"Су ресурстары - Маркетинг" ЖШС-і
+7 (7252) 321-275Жедел желі+7 (7252) 321-274Диспетчерлік қызмет

Жаңалық - Қазақстан жаңалықтары

новость от 02.06.2025

Француз компаниясы SUEZ – су ресурстарын тұрақты басқару саласында әлемдік көшбасшы. 
Қарағанды облысының өкілдері Астанадағы Қазақстан-Франция инвестициялық форумына қатысты. Делегацияны облыс әкімі Ермағанбет Бөлекпаев басқарып, өңірдің инвестициялық әлеуетін таныстырды. 

Форумды ашқан премьер-министр Олжас Бектенов екі мемлекет басшылары деңгейіндегі сенімді қарым-қатынастар нәтижесінде екіжақты байланыс стратегиялық әріптестіктің кеңейтілген деңгейіне көтерілгенін атап өтті.
– Қарағанды облысы – үлкен мүмкіндіктер мен ашық диалог аймағы. Біз тек инвестиция тартуға ғана емес, ұзақ мерзімді және өзара тиімді қарым-қатынас орнатуға тырысамыз. Біз SUEZ француз компаниясымен суды ұтымды пайдалану саласында ынтымақтастықты бастадық және барлығын жаңа бірлескен жобаларға шақырамыз. Біздің өңірдің артықшылығы – батыс пен шығыс, Еуропа мен Азия арасында, дәл орталықта орналасуымыз. Ірі көліктік-логистикалық жүйенің, халықаралық автомобиль және теміржол дәліздерінің, әлеуеті толық пайдаланылмаған жүк-терминалы бар халықаралық дәрежедегі әуежайдың болуы, – деп атап өтті өңір басшысы.

Ынтымақтастық туралы үш жақты келісімге SUEZ International SAS, Қарағанды әкімі Мейрам Қожухов және Қазақстандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты жаңғырту және дамыту орталығы қол қойды. 
Бұл қалалық инфрақұрылымды жаңғырту және орнықты су пайдалану әлеуеттерін ашады, бұл
әсіресе коммуналдық желілерге жүктеменің өсуі және климаттың өзгеруі жағдайында өзекті
Материал «Ortalyq Qazaqstan» сайтынан
https://ortalyq.kz

«Су ресурстары-Маркетинг»,
Қазақстан Республикасы,
160013, Шымкент қаласы,
Ғ.Орманов көшесі, 17
Хат жазу
Орталық диспетчерлік қызмет: 321-274, 323-574
Жедел желі: 321-275
Тұрғындардың су балансы инспекциясы: 321-180
Коммутатор: 321-247; 321-272 қосымша бөлімнің ішкі нөмірі
Факс: 322-544
Телефон коды: 8 (7252)
Қабылдау: 31-11-94, 32-60-09, 31-11-95
Facebook: Су ресурстары-Маркетинг
whatsapp: 8-708-110-21-21
Telegram чат бот: wrm_bot
жаңа технологиялар мен инвестициялар Жаңа технологиялар Инвестициялар Біздің техника
© Барлық құқықтары «Су ресурстары-Маркетинг» ЖШС-не қарасты
Дизайн және әзірлеу ТОО "LiO Programs" 2023
    
жоғары