Жаңалық - Қазақстан жаңалықтары
новость от 05.06.2025
Мемлекет басшысының суармалы су қызметінің тарифтік
саясатын жүзеге асыру тапсырмасына сәйкес Ұлттық экономика министрлігінен
біздің Министрлікке суармалы су жөніндегі тарифтік реттеу қызметі берілген.
Тиісті Заң (Қазақстан Республикасының кейбір
заңнамалық актілеріне бюджет заңнамасын жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер
мен толықтырулар енгізу және «Концессиялар туралы» Қазақстан Республикасы
Заңының күші жойылды деп тану туралы Заңы шеңберінде) Мемлекет басшысымен 2025
жылғы 15 наурызда қол қойылды.
Осыған орай, Министрлікте берілген функцияны орындау
үшін Тарифтік саясат департаменті құрылды.
Министрлік тарифтік реттеу шеңберінде табиғи
монополиялар субъектілерінің суды каналдар арқылы беру, суару үшін су беру және
тірек гидротехникалық құрылысжайлардың көмегімен жер үсті ағынын реттеу
қызметтері (бұдан әрі – реттелетін қызметтер) бойынша мемлекеттік реттеу мен
бақылауды жүзеге асыратын болады.
Министрлікпен тарифтік реттеушінің қызметін орындау
үшін келесі нормативтік құқықтық актілер әзірленді және бекітілді:
- тарифтерді қалыптастыру қағидалары;
- табиғи монополиялар субъектілерінің қызметін
жүзеге асыру қағидалары;
- Реттеліп көрсетілетін қызметтердің үлгілік
шарттары;
- инженерлік желілерге қосуға аранлған техникалық
шарттардың үлгілік нысандары;
- Табиғи монополиялар субъектілері қызметкерлерінің
нақты іс-қимыл тәртібі бар қызметтер көрсетудің үлгілік регламенттері;
- реттелетін көрсетілетін қызметтердің тізбесі;
- Реттеліп көрсетілетін қызметтерді көрсететін
табиғи монополиялар субъектілерінің тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттары мен
тексеру парағы;
- Суаратын суды пайдалану қағидалары.
Суаратын суды пайдалану қағидаларын қоспағанда (а.ж.
10 маусымында күшіне енеді), жоғарыда аталған нормативтік құқықтық актілердің
барлығы әділет органдарында тіркеліп, заңды күшіне енді.
Осылайша, Министрлік суармалы су бойынша тарифтік
реттеушінің толыққанды жұмысын бастады және алынған функциялар шеңберінде
жүзеге асыратын болады:
1) табиғи монополия субъектілерін мемлекеттік реттеу
(тарифті және инвестициялық бағдарламаны қарау және бекіту, бекітілген тарифтік
сметаны, инвестициялық бағдарламаны өзгерту және т. б.);
2) табиғи монополия субъектілерінің қызметтерін
қадағалау (жоспарлы және жоспардан тыс тексерулер жүргізу, әкімшілік хаттамалар
толтыру, ұйғарымдар шығару және т.б);
3) табиғи монополия субъектілеріне мемлекеттік
қызмет көрсету (Мемлекеттік тіркелімге енгізу және алып тастау, ТМС мүлкімен
мәмілелер жасауға келісім беру, қайта ұйымдастыруға және таратуға келісім
беру).
Бүгінгі күнде, Табиғи монополия субъектілерінің
мемлекеттік тіркеліміне 32 табиғи монополия субъектілері қосылған, оның ішінде
реттеліп көрсетілетін қызметтер бойынша:
- суды каналдар арқылы беру – 29 субъект;
- тірек гидротехникалық құрылысжайлардың көмегімен
жер үсті ағынын реттеу – 3 субъект.
Сондай-ақ, Министрлікте бүгінгі таңда табиғи
монополия субъектілерінің 2024 жылға арналған тарифтік сметалар мен инвестициялық
бағдарламаларының орындалуы туралы 54 есеп қаралуда, сондай-ақ қазірдің өзінде
40 мемлекеттік қызмет көрсетілді.
барлық дауыс: 5533
дауыс мұрағаты