русский / қазақ
"Су ресурстары - Маркетинг" ЖШС-і
+7 (7252) 321-275Жедел желі+7 (7252) 321-274Диспетчерлік қызмет

Жаңалық - Әлем жаңалықтары

новость от 05.06.2025

Құрбан айт мерекесі қарсаңында азаматтық белсенділік танытуларыңызды сұраймыз. Құрбандыққа шалынған малды сатып алу кезінде оны сату орындарында – жеке үй иеліктерінде союға жол бермеңіз. Мұндай жағдайларда жануарлардың қаны мен ішектері көбінесе кәріз желісіне түседі, бұл инженерлік инфрақұрылымға зиян келтіреді. Ішкі бөліктері құбырлар мен коллекторларда бітелуді тудыруы және одан әрі ағынды сулардың бетіне төгілуі мүмкін. Бұл жол төсемі мен ғимараттардың бұзылуына, жағымсыз иістердің пайда болуына, антисанитария мен эпидемиологиялық қауіпке әкеледі! Тазарту қондырғылары кешеніне түсетін қан биогаз қондырғысында проблемаларға әкелуі мүмкін.

Ресми ақпарат бойынша Шымкентте мал союға арналған арнайы орындар белгіленді:

«Замин» ЖШС (Қаратау ауданы, «Сайрам» тұрғын алабы, А. Темір көшесі, н/з);

«Халал Кассаб» ЖШС (Қаратау ауданы, «Бозарық» тұрғын алабы, 3, № 1989 учаске);

«Бәйтерек Агро» ЖШС (Қаратау ауданы, «Сайрам» тұрғын алабы, Махмұд ата көшесі, № 72 учаске);

«Қазығұрт-БРБ» СПК (Еңбекші ауданы, Қапал батыр көшесі, Промышленный көшесі, 31/1).

Мал сатушыларға Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 20 шілдедегі «Елді мекендердің су бұру жүйелеріне сарқынды суларды қабылдау қағидаларын бекіту туралы» № 546 бұйрығының 10-тармағына сәйкес мал сою орындарының кез келген қатты  және  қайта өңделген ет қалдықтарын, тұтас қан, тері мен теріні өңдеу қалдықтарын төгуге тыйым салынатынын еске саламыз.

Мұндай фактілер анықталған жағдайда, «Су ресурстары-Маркетинг» ЖШС тарапынан бұзушыларды су бұру желілерінен ажырату және келтірілген материалдық залал үшін өтемақы өндіріп алу жөнінде шаралар қабылданатын болады!


«Су ресурстары-Маркетинг»,
Қазақстан Республикасы,
160013, Шымкент қаласы,
Ғ.Орманов көшесі, 17
Хат жазу
Орталық диспетчерлік қызмет: 321-274, 323-574
Жедел желі: 321-275
Тұрғындардың су балансы инспекциясы: 321-180
Коммутатор: 321-247; 321-272 қосымша бөлімнің ішкі нөмірі
Факс: 322-544
Телефон коды: 8 (7252)
Қабылдау: 31-11-94, 32-60-09, 31-11-95
Facebook: Су ресурстары-Маркетинг
whatsapp: 8-708-110-21-21
Telegram чат бот: wrm_bot
жаңа технологиялар мен инвестициялар Жаңа технологиялар Инвестициялар Біздің техника
© Барлық құқықтары «Су ресурстары-Маркетинг» ЖШС-не қарасты
Дизайн және әзірлеу ТОО "LiO Programs" 2023
    
жоғары