Жаңалық - Компания жаңалықтары
новость от 16.06.2025
Елордалық кәріз-тазарту құрылыстарының кешені
Қазақстандағы озық құрылыстардың бірі болып саналады. Мұнда заманауи сорғы және
ауа үрлеу жабдықтары жұмыс істейді, ағынды сулар механикалық және биологиялық
тазартудан басқа, толық тазарту кезеңінен өтеді. Бұл процесс арнайы құм
сүзгілері мен ультракүлгін сәулелердің көмегімен жүзеге асырылады.
Технологиялық процестер автоматтандырылған, SCADA құрылып, сәтті жұмыс істеуде.
Астаналық әріптестер Шымкент қаласы мамандарымен өз тәжірибелерімен
бөлісті. Олар өз кәсіпорнының жетістіктері мен болашағы туралы айтты. Айта
кетсек, «Астана Су арнасы» МКК, Ydro process ®биотехнологиясын өз қызметінде
қолдана бастаған Қазақстандағы екінші су арнасы. Нәтиже қазірдің өзінде бар -
жағымсыз иіс пен артық лайдың мөлшері азаюда. Астананың тазарту құрылыстары
кешенінен алынған барлық пайдалы әзірмелерді Шымкент КТҚ өкілдері қалам ұшына
алды.
барлық дауыс: 6322
дауыс мұрағаты