Жаңалық - Компания жаңалықтары
новость от 23.06.2025
«Су ресурстары-Маркетинг» ЖШС мамандары «ТҮКШ дамыту
жөніндегі қазақстандық орталық» АҚ өкілдерімен онлайн кездесу өткізді. Әңгіме
Қазақстанның энергетикалық және коммуналдық секторларын жаңғырту жөніндегі
ұлттық жобаны іске асыру туралы болды. Кездесу барысында жұмыс жобаларын
қабылдау және қарау мәселелері техникалық тұрғыдан, оның ішінде деректерді
қашықтықтан беру арқылы суды есепке алу аспаптарын ендіру мәселесі талқыланды.
АҚ өкілдері туындаған мәселелер бойынша қажетті түсініктемелер берді.
Ұлттық жобаның техникалық операторы «ТҮКШ
ҚазОрталығы» АҚ болып табылады. Акционерлік қоғам энергетикалық және
коммуналдық секторларды (сумен жабдықтау және су бұру жүйелері, электр
энергиясын өндіру, жылу және электр энергиясын беру), олардың негізділігі,
орындылығы, басымдығы және жобаларды іске асыру мониторингі тұрғысынан
жаңғыртуға бағытталған жобаларға техникалық сараптама беру жөніндегі
функцияларды жүзеге асырады.
барлық дауыс: 5529
дауыс мұрағаты