Жаңалық - Компания жаңалықтары
новость от 24.06.2025
Бұл күрделі
міндеттің шешімі «Су ресурстары-Маркетинг» ЖШС-де сәтті табылды! 2022 жылы
маусымдық реттеу сыйымдылығы – Бөржар су жинақтағышында түбін тұнба
шөгінділерінен механикалық тазарту жүргізілді. Содан кейін
тоған тазартылған ағынды сулармен толтырылды, одан кейін оған хлорелла штаммы
себілді және мұндай шаралар жыл сайын өткізіледі. Осы пайдалы микроорганизмнің
арқасында тазартылған ағынды суларды зарарсыздандыру және толық тазарту
жұмыстары жүргізілуде, суда оттегінің мөлшері едәуір өсті. Тоғанда, балыққа
тамақ ретінде, көптеген ұсақ шаян тәрізділер көбейді. Соңғы үш жылда
акваторияға 60 мың шабақ жіберілді. Көлде суда жүзетін құстар мен басқа да
жануарлар пайда болды! Экологиялық жағдай айтарлықтай жақсарды, жағымсыз иіс
жоғалды! 2025 жылғы 24 маусымда Бөржар су жинақтағышына хлорелланың тағы бір
партиясы егілді!
барлық дауыс: 6345
дауыс мұрағаты