русский / қазақ
"Су ресурстары - Маркетинг" ЖШС-і
+7 (7252) 321-275Жедел желі+7 (7252) 321-274Диспетчерлік қызмет

Жаңалық - Қазақстан жаңалықтары

новость от 30.06.2025

Суды заңсыз пайдаланушылардың әрекеті қатаң тексерілетін болады.

Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов Қызылорда облысының әкімдігінде өңірдің құқық қорғау органдары басшыларының қатысуымен судың "көлеңкелі нарығына" қарсы күрес мәселелері бойынша кеңес өткізді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Министрліктің баспасөз қызметінің хабарлауынша, жиында заңсыз су алуды анықтау үшін министрлік мамандарынан құрылған мониторинг тобының жұмысы бойынша есеп тыңдалды.

Суды заңсыз пайдаланумен күресу үшін министрлік су объектілеріне тұрақты мониторинг жүргізу, су заңнамасын бұзушыларға қатысты жауапкершілікті күшейту және суармалы суды пайдалану ережелерін қабылдау сынды бірқатар нақты шараны қолға алды. Биыл 10 маусымда суармалы суды пайдалану ережелері күшіне енді. Ережеде бекітілген тарифтен екі еселенген мөлшерде келісімшартсыз суды тұтынғаны үшін айыппұл санкциялары қарастырылған. Сондай-ақ су жеткізушінің келісімінсіз өсірілетін дақылдардың түрін өзгерткен жағдайда бекітілген тарифтен бір жарым есе жоғары айыппұл салынады 

"Мемлекет басшысының тапсырмасына сай министрлік судың "көлеңкелі нарығымен" белсенді күрес жүргізіп келеді. Бұл салада ашықтық пен тәртіпті, су ресурстарының әділ бөлінуін қамтамасыз етіп қана қоймай, су пайдаланушылардың құқығын қорғау үшін де өте маңызды. Суды заңсыз пайдаланушылардың әрекетін әшкере етіп, тәртіп орнату үшін құқық қорғау органдарымен бірлескен жұмысты күшейту керек", – деді Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов.

 


«Су ресурстары-Маркетинг»,
Қазақстан Республикасы,
160013, Шымкент қаласы,
Ғ.Орманов көшесі, 17
Хат жазу
Орталық диспетчерлік қызмет: 321-274, 323-574
Жедел желі: 321-275
Тұрғындардың су балансы инспекциясы: 321-180
Коммутатор: 321-247; 321-272 қосымша бөлімнің ішкі нөмірі
Факс: 322-544
Телефон коды: 8 (7252)
Қабылдау: 31-11-94, 32-60-09, 31-11-95
Facebook: Су ресурстары-Маркетинг
whatsapp: 8-708-110-21-21
Telegram чат бот: wrm_bot
жаңа технологиялар мен инвестициялар Жаңа технологиялар Инвестициялар Біздің техника
© Барлық құқықтары «Су ресурстары-Маркетинг» ЖШС-не қарасты
Дизайн және әзірлеу ТОО "LiO Programs" 2023
    
жоғары