русский / қазақ
"Су ресурстары - Маркетинг" ЖШС-і
+7 (7252) 321-275Жедел желі+7 (7252) 321-274Диспетчерлік қызмет

Жаңалық - Қазақстан жаңалықтары

новость от 03.07.2025

Қазақстанның өнеркәсіп және құрылыс министрі Ерсайын Нағаспаев Үкімет отырысында қалалар мен ауылдарды ауыз сумен қамтамасыз ету жұмыстары туралы баяндады.

Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес жыл соңына дейін барлық елді мекендерді 100% ауыз сумен қамтамасыз ету міндеті қойылған болатын. 

«Бүгінде қала халқының 99,3%-ы және ауыл тұрғындарының 97,5%-ы ауыз сумен қамтамасыз етілген. 10 өңірде бұл көрсеткіш 100%-ға жетті. Бұлар – Алматы, Ақтөбе, Атырау, Батыс Қазақстан, Қызылорда, Маңғыстау, Солтүстік Қазақстан, Түркістан, Жетісу және Ұлытау облыстарының қалалары мен  Маңғыстау облысының ауылдары», —  атап өтті министр.

Сонымен қатар ведомство басшысы қалаларды сумен жабдықтау бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстарға тоқталды. Министрдің мәліметінше еліміздегі 90 қаланың 73-і 100%  ауызсумен қамтамасыз етілген. Қалған 17 қала осы жылдың соңына дейін сумен толық қамтамасыз етіледі. Ал еліміздегі 6 148 ауылдың 5679-ы су құрылғыларымен жабдықталған. Оның ішінде, 4 420 ауылдық елді мекен орталық сумен жабдықтау жүйесіне қосылып, мыңға жуығында кешенді блок-модульдер орнатылған, 260 шағын ауылдық елді мекен құдық суын  пайдаланады. Ал, кейбір алыс ауылдарға су, тасымалдау арқылы жеткізіледі. Қазір қалған 469 ауылдың 245-і республикалық бюджет пен Арнаулы мемлекеттік қор қаражат есебінен орталық су тарту жүйелеріне қосылуда, 224-не жергілікті бюджет есебінен кешенді блок-модульдер орнатылатын болады. Жалпы биыл республикалық бюджет пен Арнаулы мемлекеттік қордан 442 жобаға 183 млрд теңге бөлінді. Қазірде әкімдіктер құрылыс жұмыстарын жүргізуде. Бұл ретте бөлінген қаражат есебінен халықты сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету мәселесі де шешімін тапты. Атап айтқанда, 8,5  мың шақырымнан асатын қолданыстағы желілерге модернизациялау жүргізілді. Сонымен қатар ірі қалаларда су тазарту құрылғылары қайта жаңғыртылды. Мысалы, Астана қаласында құны 118 млрд теңге  болатын су сорғы-фильтр станциясы салынып, магистралдық су құбыры қайта жаңғыртылды. Атырау қаласында құны 17 млрд теңге болатын сүзгі станциясы жаңартылды. Қостанай және Көкшетау қалаларында су тазарту  құрылғысы салынды. Мемлекет басшысының бақылауында тұрған Маңғыстау өңіріндегі ауыз су тапшылығы мәселесін шешу үшін соңғы 4 жылда бірнеше негізгі инфрақұрылым нысандары іске қосылды. Олардың қатарында «Каспий» тұщы су өңдеу зауытының қуаты тәулігіне қырық мың текше метрге дейін артты. Ақтауда тәулігіне 12 мың текше метр тұщы су өңдейтін зауыт салынды. Сайын Шапағатов және Ақшұқыр ауылдарында қуаты тәулігіне 7 мың  текше метр, Форт-Шевченко қаласында 5 мың текше метр тұщы су өңдейтін құрылғылар орнатылды. Сонымен қатар Жаңаөзендегі Кендерлі ауылында осы жылдың үшінші тоқсанында тәулігіне 50  мың текше метр тұщы су өңдейтін зауыт пайдалануға беріледі. Дегенмен, елдегі демографиялық өсім мен жыл сайын су құбырларының тозуына байланысты, халықты 100% ауыз суымен қамтамасыз ету мәселесі жылда өзекті болып қала береді. Осы себепті бұл бағыттағы жұмыс келешекте өзге бағдарламалар шеңберінде жалғасатын болады.  

«Мемлекет басшысының тапсырмасын іске асыру мақсатында өңір әкімдіктері жобалардың дер кезінде аяқталуын бақылауға алып, жергілікті бюджетті нақтылау кезінде іске асырылып жатқан жобалар мен кешенді блок-модульдерді орнатуға қаражат қарастыруы керек. Министрлік су тарту жүйелерін, оның ішінде кәріз тазарту құрылғыларын жаңғырту бойынша да жұмыстар жүргізуде. Көптеген кәріз тазарту құрылғылары 50-60 жылдары салынып, қазірде орташа тозу деңгейі 65%-ға жеткен. Биыл осы бағытта жаңарту жүргізу үшін республикалық бюджеттен 25  млрд теңге бөлінді. Соның ішінде Қызылорда қаласының кәріз тазарту құрылғысына – 720  млн теңге және Ленгер қаласына – 1 млрд теңге қарастырылды. Сонымен қатар Ақтау, Атырау, Қарқаралы және Қаражал қалаларында осы бағытта 4 жоба іске асырылуда», —  атап өтті министр.

Жалпы «Коммуналдық және энергетика секторларды жаңғырту» Ұлттық жобасы аясында 45  қалада кәріз тазарту құрылғылары жаңғыртылып, 2,8 шақырым су бұру және 5 мың шақырым су құбыры желілері жаңартылады. Кәріз тазарту құрылғысы жобаларын іске асыру халықаралық қаржы институттарының қарыздары, облигациялық қарыздар, республикалық бюджет және бюджеттік кредиттеу сияқты түрлі қаржыландыру көздері есебінен жоспарланып отыр. Сондықтан тарифтің өсуіне жол бермеу үшін қолданыстағы кәріз тазарту құрылғыларын жаңғырту қажет. Министрдің сөзінше экологиялық қауіпсіздікті басшылыққа ала отырып, кәріз жүйелерін жаңарту жұмыстары ең алдымен елді мекендерде жүргізілетін болады. Тазарту нысандарын жобалау, салу және пайдалану тәсілдері қайта қаралып, жобаларға ревизия жүргізілуде. Олардың тиімділігін арттыру үшін Техникалық оператор институты енгізілді. Техникалық оператор жобалардың барлық кезеңін қадағалап, қазақстандық өнімді қолдану талаптарын ескереді. Бұл шаралар жобадағы қателіктерді азайтып, шығынның артуы мен мерзімнің кешігуіне жол бермейді. 

«Су жүйелерін басқару мен тиімділігін арттыру үшін цифрлық шешімдер қажет. Сондықтан Ұлттық жоба аясында 29 млрд теңгеге SCADA жүйесін енгізу қарастырылды. Бұл жүйе су қысымын, шығынды, ақауларды бақылап, желілерді жоспарлы дамытуға мүмкіндік береді. Сонымен қатар су беру және су бұру нысандарын басқаруға арналған цифрлық платформа құрылуда. Ол субъектілерді сенімді байланыс арқылы біріктіріп, деректердің қауіпсіздігін және жүйенің тұрақты жұмысын қамтамасыз етеді. Аталған шаралар саланы тиімді және тұрақты жаңғыртудың негізі болмақ. Осылайша, 2029 жылға дейін жаңарту жұмыстарын жүргізу арқылы сумен жабдықтау желілерінің тозыуын  33%-ға және  су тарту желілерінің тозыуын  41%-ға төмендету жоспарланған», —  атап өтті өнеркәсіп және құрылыс министрі Ерсайын Нағаспаев.

Халықты ауыз сумен қамтамасыз ету мәселесі, сондай-ақ су тарту жобаларын жүзеге асыру жұмыстары министрліктің тұрақты бақылауында.

«Су ресурстары-Маркетинг»,
Қазақстан Республикасы,
160013, Шымкент қаласы,
Ғ.Орманов көшесі, 17
Хат жазу
Орталық диспетчерлік қызмет: 321-274, 323-574
Жедел желі: 321-275
Тұрғындардың су балансы инспекциясы: 321-180
Коммутатор: 321-247; 321-272 қосымша бөлімнің ішкі нөмірі
Факс: 322-544
Телефон коды: 8 (7252)
Қабылдау: 31-11-94, 32-60-09, 31-11-95
Facebook: Су ресурстары-Маркетинг
whatsapp: 8-708-110-21-21
Telegram чат бот: wrm_bot
жаңа технологиялар мен инвестициялар Жаңа технологиялар Инвестициялар Біздің техника
© Барлық құқықтары «Су ресурстары-Маркетинг» ЖШС-не қарасты
Дизайн және әзірлеу ТОО "LiO Programs" 2023
    
жоғары