Жаңалық - Қазақстан жаңалықтары
новость от 15.07.2025
Осы іргелі құжаттың 107-бабының 4-тармағында: « Суды
коммерциялық есепке алуды ұйымдастыру үшін көппәтерлі тұрғын үйлерді (тұрғын
ғимараттарды) және өзге де объектілерді салу, реконструкциялау, техникалық
қайта жарақтандыру, жаңғырту, күрделі жөндеу жобаларында сезімталдық шегі ең
төменгі шығыстың жартысынан аспайтын және деректерді қашықтан беретін, жоғары
метрологиялық сыныбы салқын су үшін R динамикалық сипаттамасы 100-ден төмен
емес және ыстық су үшін R динамикалық сипаттамасы 50-ден төмен емес
(метрологиялық сыныбы B) болатын жалпы үйге ортақ және жеке суды есепке алу
аспаптарын міндетті түрде орнату көзделеді.
Бұл талап жұмыс істемейтін немесе пайдалану мерзімі өткен суды есепке
алу аспаптарын ауыстырған жағдайларға қолданылады.»
«ҚР Су кодексінің» талаптарын орындау мақсатында,
сондай-ақ деректерді республикалық порталға интеграциялау мүмкіндігімен суды
есепке алуды цифрландыруға байланысты 2025 жылғы 10 маусымнан бастап деректерді
қашықтықтан беру модулі бар суды есепке алудың жеке аспаптарын орнату басталды.
Олар тексеруден өтпеген және пайдалану мерзімі өткен су өлшегіштердің орнына
орнатылады.
Деректерді қашықтықтан беру модулі бар суды есепке алу құралдарын сату, оларды
орнату, сондай-ақ, сервистік қызмет көрсетумен
қызметтің осы түріне лицензиясы бар мамандандырылған кәсіпорындар
айналысады : «Smart systems Asia» ЖШС
(+7700 985 51 23;+7 778 978 87 07), «Digital energy group» ЖШС (+7778 876 66
22; +77712111142), «Сайман» корпорацмясы (+7 771 704 58 85; +7 (727) 338 51
81), «Водомер»ЖШС (+7771 147 24 08; +7 775 326 63 02), «Вавиот Азия» (+7 747
222 72 91). Жеткізушіні тұтынушының өзі
таңдайды.
барлық дауыс: 5601
дауыс мұрағаты