Жаңалық - Қазақстан жаңалықтары
новость от 23.07.2025
Каспий теңізі жылдан-жылға тартылып
барады. 2023 жылы оның деңгейі бұрын-соңды болмаған ең төмен межеге – Балтық
теңізінің деңгейінен 29,21 метр төменге дейін түскен. Бұл туралы Су ресурстары
және ирригация вице-министрі Болат Бекнияз мәлімдеді, деп хабарлайды
newsroom.kz.
Министр орынбасарының айтуынша,
1900 жылы Каспий деңгейі минус 25,7 метр болса, 1977 жылы ол 29,01 метрге
түскен. Ал қазіргі көрсеткіш одан да төмен – бұл алаңдаушылық туғызбай
қоймайды. Негізгі себеп – теңізге келіп құятын судың азаюы. Каспийдің 80%-дан
астамын қамтитын Еділ (Волга) өзені 2023 жылы небәрі 207 текше шақырым су
берген. Ал теңіз деңгейін ұстап тұру үшін жылына 270–275 км³ су қажет.
«Ғалымдар
қазіргі климаттық жағдай мен су шаруашылығының реттелу тәртібі өзгермесе,
Каспий деңгейі әлі де төмендей береді деп болжайды», – деді Бекнияз.
Қазір теңіз әсіресе
шығыс-солтүстік бөлігінде қатты таяздануда. Бұл аймақтың өзі де бұрыннан суы
тайыз болған. Егер табиғи және су реттеу жағдайы жақсармаса, 2030 жылға қарай
Каспий деңгейі минус 30,2 метрге дейін төмендеуі мүмкін.







