Жаңалық - Компания жаңалықтары
новость от 30.07.2025
Есеп беру
кездесуіне жалпы үй және жалпы көше комитеттерінің төрағалары, жұртшылық пен
БАҚ өкілдері қатысты. «Су ресурстары-Маркетинг» ЖШС-нің бас директоры Анарбек
Орман 6 айда атқарылған жұмыстар туралы айтып берді.
Кәсіпорынның
инвестициялық бағдарламасы аясында су қабылдағыш құрылыстарында сорғы
жабдықтарын жаңғырту жұмыстары жүргізілді. Қазығұрт шағынауданы мен 18-мөлтек
ауданында су құбыры желілері қайта құрылды, Верещагин көшесі бойындағы
магистральдық су құбыры (Сасбукаев көшесінен Қонаев даңғылына дейін), сондай-ақ
Момышұлы көшесіндегі су құбыры жаңартылды. Су және кәріз жүйелерін жаңарту
бойынша жұмыстар жалғасуда.
Жалпы,
кәсіпорынның тарифтік сметасындағы инвестициялық құрамдас бөлігінің үлесі 41%
-ды. құрайды, бұл Қазақстандағы ең жоғары көрсеткіш. Инвестициялардың арқасында
су құбыры желілерінің тозуы 68% - дан
56,5% - ға, ал кәріз желілерінде 79% - дан 73,5% - ға дейін төмендеді.
2025-2029
жылдары Президенттің «Тарифті инвестицияларға айырбастау» Жолдауына сәйкес
энергетикалық және коммуналдық секторларды жаңғыртудың Ұлттық жобасы шеңберінде
97,8 млрд. теңге көлемінде инвестициялар салу қажет.
2029 жылға дейін
келесі нәтижелерге қол жеткізу жоспарлануда:
- Нормативтік-техникалық шығындарды 17,36% - дан
15,26%-ға дейін төмендету;
- Су құбырының тозу дәрежесін 32,7% - ға дейін және
кәріздің тозу дәрежесін 59,8% - ға дейін төмендету;
- Smart
Grid,
Smart
Metering
және Smart
Water
технологияларын қолдана отырып, автоматтандыру мен цифрландырудың жоғары
дәрежесін енгізу;
- Тазарту құрылыстарының қуатын тәулігіне 200 мың м3
дейін ұлғайтуды ескере отырып, қуаты тәулігіне 50 мың м3 болатын қосымша тазарту
құрылыстарын пайдалануға беру;
- 2026 жылға қарай жылына 5,0 млн.кВт man генераторын пайдалана отырып,
биогаз және табиғи газ негізінде электр энергиясын өндіре отырып, КТҚ
қажеттіліктері үшін электр энергиясын қамтамасыз етудің 95% -на қол жеткізу.
2024 жылы өзіндік өндірістің электр энергиясымен қамтамасыз ету қажеттіліктің
50% -ын құрды;
- 157 км. су құбыры желілерін және 110 км. кәріз
желілерін қайта жаңарту;
- Телеграмм Чат-боты
арқылы тұтынушыларға онлайн қызмет көрсетуге толық көшу;
- Суды өндіру және
тұтынушыларға дейін тасымалдауға жұмсалатын электр энергиясы шығысының үлестік нормасын 0,059 кВт/м3 дейін
төмендету.
барлық дауыс: 6518
дауыс мұрағаты