русский / қазақ
"Су ресурстары - Маркетинг" ЖШС-і
+7 (7252) 321-275Жедел желі+7 (7252) 321-274Диспетчерлік қызмет

Жаңалық - Қазақстан жаңалықтары

новость от 12.08.2025

Қазақстандықтар өздерінің үйдегі су, жарық және газ сияқты коммуналдық есептегіштерінің көрсеткіштерін смартфон арқылы қадағалай алатын болады. Бұл туралы вице-премьер Қанат Бозымбаев брифинг барысында мәлімдеді.

«Мақсатымыз — сіз өз смартфоныңыздан есептегіш көрсеткіштерін көріп, тарифтің қандай болғанын, қаншалықты өскенін немесе азайғанын біліп отыруыңыз. Әрине, тариф көбіне өсе береді. Қанша тұтынғаныңызды бақылап, егер бір нәрсе дұрыс болмаса, монополистерге сұрақ қоя алуыңыз керек», — деді Бозымбаев.

Жаңа жүйе банктермен де интеграцияланады, яғни төлем жасау мүмкіндігі де бірден қосымшаның ішінде жүзеге асады. Мұндай жүйе "мобильді банкинг" үлгісінде жұмыс істемек. Бұл бастаманы жүзеге асыру үшін "ақылды есептегіштер" қажет — олар нақты тұтыну көлемін тіркеп, онлайн түрде мәліметті қолданушының телефонына жібере алады. Бозымбаевтың айтуынша, бұл цифрлық жаңашылдықты жүзеге асырумен Көлік министрлігі мен Цифрлық даму министрлігі айналысатын болады.

«Су ресурстары-Маркетинг»,
Қазақстан Республикасы,
160013, Шымкент қаласы,
Ғ.Орманов көшесі, 17
Хат жазу
Орталық диспетчерлік қызмет: 321-274, 323-574
Жедел желі: 321-275
Тұрғындардың су балансы инспекциясы: 321-180
Коммутатор: 321-247; 321-272 қосымша бөлімнің ішкі нөмірі
Факс: 322-544
Телефон коды: 8 (7252)
Қабылдау: 31-11-94, 32-60-09, 31-11-95
Facebook: Су ресурстары-Маркетинг
whatsapp: 8-708-110-21-21
Telegram чат бот: wrm_bot
жаңа технологиялар мен инвестициялар Жаңа технологиялар Инвестициялар Біздің техника
© Барлық құқықтары «Су ресурстары-Маркетинг» ЖШС-не қарасты
Дизайн және әзірлеу ТОО "LiO Programs" 2023
    
жоғары