Жаңалық - Компания жаңалықтары
новость от 26.08.2025
Біз өзіміздің жеке үйімізде шағын бизнес ашқымыз келеді.
Қандай әрекеттер жасауымыз керек, қандай құжаттарды жинау қажет және сумен
жабдықтау және су бұру қызметтерін қайта ресімдеу үшін қайда жүгінетінімізді
айтып жіберсеңіз?
Ең алдымен, жер учаскесіне мемлекеттік актіні жеке тұлғадан
заңды тұлғаға қайта тіркеу қажет. Екінші қадам - салық комитетіне жүгіну және
заңды тұлға ретінде тіркелу. Осыдан кейін сіз техникалық шарттарды алу үшін
сумен жабдықтаушы ұйымға («Су ресурстары-Маркетинг» ЖШС болса бизнес нысанын
ашу үшін Орманов көш., 17 (Қоғамдық қабылдау) хабарласуыңыз керек. Бизнес үшін
техникалық шарттардың талаптары қызмет түріне байланысты. Мысалы, егер
тамақтану орны ашылатын болса, онда кәріз желілеріне май ұстағышты орнату
міндетті талап болады. Егер автокөлік жууды немесе қызметі ағынды сулардың
ластануымен байланысты басқа объектіні іске қосу жоспарланса,онда жергілікті
тазарту қондырғыларының болуы қажет. Тағы бір маңызды шарт – қашықтықтан
деректерді беру модулі бар суды есепке алу құралын орнату. Ол үшін жеке су
өлшегіш қондырғыны орнатуды қажет етуі мүмкін. Барлық осы іс-шаралар
жүргізілгеннен кейін заңды тұлға мен сумен жабдықтаушы ұйым арасында сумен жабдықтау
және су бұру қызметтеріне шарт жасалады. Даулы жағдайлардың алдын алу үшін
Тараптар арасында желілердің теңгерімдік тиесілігін ажырату актісіне де қол
қойылады. Яғни, тұтынушы оның жауапкершілік аймағы құбырларға қай жерден бастап
қосылатынын нақты түсінуі керек.
Егер бизнес нысаны
көп қабатты ғимаратта ашылатын болса, онда мемлекеттік акт талап
етілмейді, бірақ уәкілетті мемлекеттік органдардан пәтерішілік реконструкция
жүргізуге рұқсат талап етіледі. Сондай-ақ, салық комитетінде ЖК немесе ЖШС ретінде
тіркелу қажет. Содан кейін сумен жабдықтау және су бұру желілеріне қосылуға
техникалық шарттар алу қажет. Көп қабатты секторда су құбыры мен кәріздің
жекелеген желілерін салу және жүргізуге тиым салынбайды, бұл тексеру кезінде
анықталады. Бизнес нысанының қызмет түрі де ескеріледі. Деректерді қашықтықтан
бере алатын, суды есепке алу құралын орнату және шекараларды бөлу актісін жасау
міндетті болып келеді.
барлық дауыс: 6663
дауыс мұрағаты