Жаңалық - Компания жаңалықтары
новость от 27.08.2025
BI Industrial компаниясы BI Group холдингінің құрамына
кіреді және ауқымды өнеркәсіптік, инфрақұрылымдық және энергетикалық жобаларды іске
асыруға мамандандырылған. Жасыл энергетика және биогаз технологиялары BI
Industrial үшін ерекше қызығушылық тудырады. Компания инженерлері осындай
технологиялардың қолданудағы практикалары мен тәжірибесін белсенді зерттейді.
«Су ресурстары-Маркетинг» ЖШС мамандары 2017 жылдан бастап
тазарту құрылыстары кешенінде биогаз қондырғысын табысты пайдалануда. Бұл
Орталық Азиядағы осылай жұмыс істейтін жалғыз станция. Тұнбаны қайта өңдеу және
биогаз алу арқылы тазарту қондырғылары кешені электр энергиясының өзіндік
шығындарын 70% -ға дейін және жылу энергиясына деген қажеттілікті 100%-ға
жабады. Биогаз қондырғысын пайдаланудың тағы бір маңызды факторы экологиялық
ортаға жүктеменің айтарлықтай төмендеуі болды!
«Су ресурстары-Маркетинг» ЖШС-нің табысты тәжірибесі BI
Industrial мамандарының назарын тартты. Компания өкілдері технологиялық
процестер мен биогазды қолданудың тиімділігімен таныстырылды. Тараптар тәжірибе
алмасу бойынша іс-шараларды жалғастыратын болады.
барлық дауыс: 5723
дауыс мұрағаты