Жаңалық - Компания жаңалықтары
новость от 15.09.2025
«Су ресурстары-Маркетинг» ЖШС-де Қазақстан Республикасының
Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауы талқыланды. Ол үшін кәсіпорын ұжымы
Қазақстан Халық партиясы Шымкент филиалының (КХП) басшысы Бақтияр
Жандарбековпен кездесті.
Соңғы бірнеше жыл ішінде президент Қазақстан халқына
Жолдауында тұрғын үй-коммуналдық шаруашылыққа (ТКШ) тікелей байланысты
мәселелерді қозғауда.
«Үкімет пен жергілікті атқарушы органдардың әрекетсіздігіне
байланысты ондаған жылдар бойы елдің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы
біртіндеп ауыр жағдайға жетті. Қазір, жағдайды өзгерту және инфрақұрылымның
тозуын төмендетуге қол жеткізу үшін, оның ішінде тарифтерді ырықтандыру, ТКШ
энергетикасы мен инфрақұрылымын басқарудың жаңа моделін құру арқылы шаралар
қабылдануда. Мұндай модель қызметтердің сенімділігі мен сапасын тарифтердің
өсуіне сәйкес арттыруы керек». - деді Қасым-Жомарт Тоқаев 8 қыркүйекте.
2025 жылы Қазақстанда энергетикалық және коммуналдық
секторларды жаңғырту жөніндегі ұлттық жоба іске қосылды. Президент жеке
сектордың қатысуынсыз, озық технологияларды, әсіресе жасанды интеллектті (АИ)
енгізбестен қазіргі заман жайларында саланы дамыту мүмкін еместігін ерекше атап
өтті!
«Мұндай кезде, әрине, "ақылды қалаларды" құру
тұжырымдамасы көмектеседі, оны барлық өңірлерде масштабтау қажет. Үздік
халықаралық тәжірибелерді тартып, құзыретті басқарушыларды, оның ішінде
шетелдік басқарушыларды тарту керек. Қазіргі жағдайда тұрғын үй-коммуналдық
шаруашылықты жаңғырту мемлекет пен бизнестің серіктестігінсіз мүмкін емес. Бұл
аксиома. ТКШ-ның кейбір объектілерін әкімдіктердің теңгерімінде сақтаудың
орындылығын жаңаша қарастыру қажет.
Сондықтан мемлекет саланы бақылаумен және реттеумен
айналысуға тиіс, ал инфрақұрылымды жаңғырту, технологияларды енгізу – жеке
сектордың міндеті. Билік құрылымдары негізінен цифрлық құралдарды пайдалана
отырып, инфрақұрылымдық жобалардың ашықтығын қамтамасыз етуге міндетті, бұл
азаматтардың Үкімет пен әкімдіктерге деген сенімін нығайтады" - деп атап
өтті Қазақстан Президенті.
Суды үнемдеу мәдениетіне көп көңіл бөлу керек, тиісті
идеологиялық жұмыс жүргізу қажет. Айта кетейік, 2025 жылғы Жолдауда жасанды
интеллектке айрықша рөл берілген, оны қазақстандықтардың тыныс-тіршілігінің
барлық салаларына енгізу қажет.
«Су ресурстары-Маркетинг» ЖШС Қазақстан Республикасы
Президентінің Жолдауын мұқият зерделеді. Кәсіпорын әкімшілігі қазірдің өзінде
осы маңызды сөзде айтылған негізгі тезистермен жұмыс істеп жатыр. Өндірістік
процестерді автоматтандыру және цифрландыру бойынша шетелдік әріптестердің
тәжірибесі мұқият зерттелуде, кәсіпорынның жергілікті басқару жүйелерін
біріктіретін автоматты басқару жүйесі (SKADA) әзірленуде. Жалпы, ұжым
Қасым-Жомарт Тоқаев қойған міндеттерді орындауға қуатталды!
барлық дауыс: 5908
дауыс мұрағаты