Жаңалық - Компания жаңалықтары
новость от 18.09.2025
Шымкентке ғалымдар мен инженерлер, операторлар, сумен жабдықтау және су бұру кәсіпорындарын басқарушылар, муниципалитет өкілдері келді. Оман Сұлтандығы делегациясының басты міндеті «Су ресурстары-Маркетинг» ЖШС-нің Ydro Process® биотехнологиясын қолданудағы тәжірибесін зерделеу болды.
Сұлтанат өкілдерімен «Су ресурстары-Маркетинг» ЖШС-нің бас директоры Анарбек Орман кездесті. Ол әріптестеріне кәсіпорынның өндірістік қызметі мен қаржылық моделі, автоматтандыру және цифрландыру, жаңа технологиялар туралы айтып берді. Ydro Process® биотехнологиясына ерекше назар аударылды.
«Су ресурстары-Маркетинг» ЖШС - бұл биотехнологияны қолдана бастаған ТМД-дағы алғашқы кәсіпорын. Жеткізушілер керемет нәтижелерге уәде бергендіктен Ydro Process® енгізер алдында тәжірибелік-өнеркәсіптік сынақтардан өткізілді. Ең алдымен, бұл артық шөгінділерден құтылу. Қарапайым тілмен, бұл арнайы жерлерде сақталып және кептірілетін шлам, содан кейін оны утильдеу қажет. Жеткізушілер биотехнологияны қолданғаннан кейін ағынды сулардағы артық шөгінділердің 80% - ға азаюына кепілдік берді. Екінші маңызды аргумент - жағымсыз иістен арылу. Осы екі фактор бірден бірнеше міндеттерді шешуге мүмкіндік берді: тазарту құрылыстары кешеніне жақын елді мекендердің тұрғындарының өмірін неғұрлым жайлы ету, оларды жағымсыз иістен арылту, артық шламды сақтау мен утильдеу мәселесін шешу және экологиялық ортаға жүктемені азайту. Ydro Process® енгізілгеннен кейін екі жылға жуық уақыт өте, бұл міндеттер сәтті шешілді деп сенімді түрде айтуға болады.
Оман Сұлтандығының делегациясы Шымкент қаласының тазарту құрылыстарының кешенінде болып, жағдаймен егжей-тегжейлі танысты. Сұлтандықта, көптеген елдер мен ірі әлемдік қалалардағыдай бұл өткір проблемалар бар – жағымсыз иіс және артық шөгінділерді сақтау және утильдеу. Жалпы, КТҚ-на барғаннан кейін Сұлтандық мамандары биотехнологияның жұмыс істейтініне және оны ағынды суларды тазартудың технологиялық процесіне енгізуге болатынына сенімді болды.
дауыс беруСумен жабдықтау және су бұру қызметтеріне әр айдың 20-на дейін дұрыс төлеп тұрасыз ба?
Ия, әрдайым
38.1%
Жоқ, кейде тіпті ұмытып кетемін
20.8%
Жолым түскенде төлеймін
20.5%
Төлемегеніме көп уақыт болды
20.2%
барлық дауыс: 5926
дауыс мұрағаты