Жаңалық - Компания жаңалықтары
новость от 12.12.2025
9 желтоқсан күні Шымкент қаласы Білім басқармасына қарасты «Экология, өлкетану және туризм орталығы» КММ оқушылары үшін экологиялық-танымдық экскурсия «Су ресурстары-Маркетинг» ЖШС ұйымдастыруымен өтті.
Экскурсия барысында оқушылар кәсіпорынның сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін басқару, инфрақұрылымды күтіп-ұстау және табиғи ресурстарды тиімді пайдалану бағытындағы жұмыстары туралы жан-жақты ақпарат алды. Мамандар балаларға су тазарту процесі, инженерлік желілердің жағдайы және экологиялық қауіпсіздік талаптары жөнінде түсіндірді.
Аталған іс-шараның негізгі мақсаты – оқушылардың экологиялық сауаттылығын арттыру, қоршаған ортаға деген жанашырлығын қалыптастыру және болашақ мамандық таңдауға кәсіби бағдар беру.
Экскурсия барысында оқушылар табиғатты қорғау шараларының қалай жүзеге асатынын өз көзімен көріп, экология саласының маңызын терең түсінді. Балалар алған әсерлерімен бөлісіп, су ресурстарын ұқыпты пайдалану қажеттілігін атап өтті.
«Су ресурстары-Маркетинг» ЖШС мен «Экология, өлкетану және туризм орталығы» КММ бірлесіп ұйымдастырған бұл іс-шара жасөспірімдер үшін құнды тәжірибе мен үлкен мотивация көзі болды.
дауыс беруСумен жабдықтау және су бұру қызметтеріне әр айдың 20-на дейін дұрыс төлеп тұрасыз ба?
Ия, әрдайым
36.2%
Жоқ, кейде тіпті ұмытып кетемін
22.1%
Жолым түскенде төлеймін
20.0%
Төлемегеніме көп уақыт болды
21.4%
барлық дауыс: 6565
дауыс мұрағаты







