Жаңалық - Компания жаңалықтары
новость от 16.01.2026
Қытайдың Hebei HUANSHUI құбыр өнеркәсібі компаниясының мамандары Шымкент қаласына сумен жабдықтау және кәріз жүйесіндегі тозығы жеткен құбырларды алмастыруға арналған жаңа, заманауи технологияны тәжірибе жүзінде көрсету және үйрету мақсатында келді.
Қытай компаниясы ұсынған жабдықтар арқылы жердің бетін қазбай-ақ тозығы жеткен су және кәріз құбырларын арнайы лента көмегімен жаңартуға болатыны іс жүзінде көрсетілді. Аталған технологияны компания 20 жылдан астам уақыт бойы қолданып келеді.
Бұл технологияның басты тиімділігі — уақыт пен қаржыны едәуір үнемдеуі. Алдағы уақытта осы әдісті қолдану арқылы жер асты құбырларының барлығын кезең-кезеңімен жаңартуға мүмкіндік бар.
дауыс беруБіздің сайт туралы кайдан білдіңіз?
Іздеу жүйелері
29.5%
Достарым, таныстарымның кеңесі бойынша
18.7%
есеп-хабарламадағы хабарламадан
19.2%
БАҚ
16.4%
Басқа
15.9%
барлық дауыс: 8367
дауыс мұрағаты







