Жаңалық - Компания жаңалықтары
новость от 10.02.2026
2026 жылғы 5–6 ақпанда «Энергетика және коммуналдық секторларды модернизациялау» ұлттық жобасы аясында Алматы қаласының «Алматы Су» МКК өкілдері «Су ресурстары–Маркетинг» ЖШС-нің жұмыс тәжірибесімен танысу мақсатында келді. Ұлттық жобаның іс-шарасын өткізу барысы пресс-тур форматында өтті.
Іс-шара барысында қонақтар:
- кәсіпорынның негізгі қызмет бағыттарымен,
- қалалық су тазарту кешеніндегі тазарту процестерімен және енгізілген жаңа технологиялармен,
- инженерлік желілердің жұмысымен,
- суды есепке алу жүйесінің жұмысымен,
- автоматтандыру және цифрландыру процестері, сондай-ақ қашықтан басқару жүйелерімен танысты.
Сонымен қатар су ресурстарын тиімді пайдалану, экологиялық қауіпсіздік және қызмет сапасын арттыру мәселелері талқыланды. Қонақтарға тазартылған суды балық және құс өсіруге, техникалық дақылдарды суғаруға пайдалану таныстырылды.
Бұл іс-шара екі кәсіпорын арасындағы кәсіби байланыстарды нығайтып, су шаруашылығы саласындағы озық тәжірибелерді енгізуге мүмкіндік береді.
Тәжірибе алмасу – саланың дамуына жасалған нақты қадам.
дауыс беруСумен жабдықтау және су бұру қызметтеріне әр айдың 20-на дейін дұрыс төлеп тұрасыз ба?
Ия, әрдайым
35.4%
Жоқ, кейде тіпті ұмытып кетемін
22.2%
Жолым түскенде төлеймін
20.3%
Төлемегеніме көп уақыт болды
21.8%
барлық дауыс: 7095
дауыс мұрағаты







