русский / қазақ
"Су ресурстары - Маркетинг" ЖШС-і
+7 (7252) 321-275Жедел желі+7 (7252) 321-274Диспетчерлік қызмет

Жаңалық - Қазақстан жаңалықтары

новость от 16.03.2026

Германияның халықаралық ынтымақтастық қоғамы (GIZ) Су ресурстары және ирригация министрлігіне 240 жаңа техника береді. Оның ішінде 110 жүйелік блок, 50 планшет, 60 ноутбук және 20 монитор бар.

Бұл техника бассейндік су инспекцияларына беріледі. Қазіргі таңда министрлік 130 техниканы қабылдап үлгерді. Қалған 110-ы жыл соңына дейін жеткізіледі.

Техникалық жабдықтау 2023 жылдың қазан айында Су ресурстары және ирригация министрлігі мен GIZ арасында жасалған келісім аясында жүзеге асып жатыр.

«Жаңа техника елдің су қорын қорғаумен айналысатын бассейндік инспекциялардың жұмыс тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді. Техникалық жабдықтаумен қатар, министрлік құрылғаннан бері инспекция бөлімдері әр облыс орталығында ашылды, ал қызметкерлер саны екі есеге артты. Сонымен бірге былтыр қабылданған Су кодексі инспекторлардың бақылау және қадағалау өкілеттіктерін кеңейтті», – деді Су ресурстары және ирригация министрінің бірінші орынбасары Нұрлан Алдамжаров.

«Су ресурстары-Маркетинг»,
Қазақстан Республикасы,
160013, Шымкент қаласы,
Ғ.Орманов көшесі, 17
Хат жазу
Орталық диспетчерлік қызмет: 321-274, 323-574
Жедел желі: 321-275
Тұрғындардың су балансы инспекциясы: 321-180
Коммутатор: 321-247; 321-272 қосымша бөлімнің ішкі нөмірі
Факс: 322-544
Телефон коды: 8 (7252)
Қабылдау: 31-11-94, 32-60-09, 31-11-95
Facebook: Су ресурстары-Маркетинг
whatsapp: 8-708-110-21-21
Telegram чат бот: wrm_bot
жаңа технологиялар мен инвестициялар Жаңа технологиялар Инвестициялар Біздің техника
© Барлық құқықтары «Су ресурстары-Маркетинг» ЖШС-не қарасты
Дизайн және әзірлеу ТОО "LiO Programs" 2023
    
жоғары