Жаңалық - Компания жаңалықтары
новость от 30.03.2026
Аймақ көшесі бойымен өтетін диаметрі 1200 мм кәріз құбыры 1968 жылдан бері үздіксіз қызмет көрсетіп келеді. Бүгінде аталған құбырдың тозығы жетіп, бірнеше учаскесінде ақаулар анықталған.
Ақауларды қалпына келтіру барысында белгілі бір қиындықтар туындауда. Оның негізгі себебі — кейбір тұрғындардың құбыр үстінен жер телімдерін заңсыз иемденіп, әртүрлі құрылыс нысандарын салып тастауы.
Қазақстан Республикасының қолданыстағы нормаларына сәйкес, диаметрі 1200 мм су және кәріз желілерінің санитарлық-қорғау аймағы құбырдың екі жағынан 20 метрді құрайды. Бұл аумақта қандай да бір құрылыс жүргізуге тыйым салынған.
Осыған байланысты тұрғындарға тиісті ескертулер беріліп, заң талаптарын сақтау мақсатында сот органдарына қажетті құжаттар жолданды.
Қазіргі таңда ақауларды жою жұмыстары заманауи санация әдісімен жүргізілуде. Яғни, құбырды толық қазбай-ақ, оның ішінен жаңа құбыр орнату арқылы қалпына келтіру жұмыстары жүзеге асырылуда.
Нәтижесінде, ескі құбырдың іші заманауи, сапалы жаңа құбырмен толық қапталып, жүйе алдағы 50 жылға дейін сенімді қызмет етуге дайын болады.
Бұл әдіс — уақытты үнемдеп, қала инфрақұрылымына зиян келтірмей, тиімді жөндеу жүргізуге мүмкіндік береді.
Аталған технология Қытай Халық Республикасында кеңінен қолданылып, өзінің тиімділігін толық дәлелдеген заманауи шешім болып табылады.
дауыс беруСумен жабдықтау және су бұру қызметтеріне әр айдың 20-на дейін дұрыс төлеп тұрасыз ба?
Ия, әрдайым
35.4%
Жоқ, кейде тіпті ұмытып кетемін
22.2%
Жолым түскенде төлеймін
20.3%
Төлемегеніме көп уақыт болды
21.8%
барлық дауыс: 7128
дауыс мұрағаты







