Жаңалық - Қазақстан жаңалықтары
новость от 14.04.2026
Алматыда 2026 жылғы 15-16 сәуір күндері мерзімі өткен және
қолданылмаған дәрі-дәрмектерді жинау бойынша экологиялық акция өтеді, деп
хабарлайды Zakon.kz.
Қала әкімдігінің баспасөз қызметінің мәліметінше,
тұрғындарға дәрілерді қалалық емханаларда орнатылған арнайы контейнерлерге
(экобокстарға) тапсыру ұсынылады.
Акцияның мақсаты – қауіпті заттардың қоршаған ортаға
түсуінің алдын алу және дәрілерді қауіпсіз түрде жоюды қамтамасыз ету.
Ұйымдастырушылардың айтуынша, мерзімі өткен дәрілер тек
лицензиясы бар компаниялар арқылы, оның ішінде жоғары температурада өртеу
әдісімен жойылуы тиіс.
«Оларды тұрмыстық қоқысқа тастауға немесе кәріз жүйесіне
төгуге болмайды, себебі бұл қоршаған ортаның ластануына және антибиотиктерге
төзімділіктің дамуына әкелуі мүмкін», – делінген ресми хабарламада.
Акция аясында таблеткалар, капсулалар, майлар, кремдер,
гельдер, ампулалар, құтылар, сироптар мен ерітінділер қабылданады.
Ал шприцтер, инелер, жүйелер, бинттер, мақта және қанмен
жанасқан басқа да медициналық қалдықтар қабылданбайды.
Дәрілерді тапсырар алдында оларды тығыз пакетке салып әкелу
ұсынылады.
Қазіргі таңда Алматыда қалалық емханаларда 36 экобокс жұмыс
істейді.
барлық дауыс: 8630
дауыс мұрағаты







