Жаңалық - Компания жаңалықтары
новость от 19.05.2026
«Су ресурстары – Маркетинг» ЖШС-ның бас директоры Анарбек Орманның ұсынысымен, жеке кәсіпкер Бөржар жинақтағышы аумағында орналасқан өзіне тиісті жер телімінде тазартылған суды тиімді пайдалану негізінде үйрек шаруашылығын дамыту жобасын жүзеге асыруда.
Бұл бастама су ресурстарын ұтымды пайдалану, экологиялық бағыттағы ауыл шаруашылығын дамыту және халықты табиғи өніммен қамтамасыз ету мақсатында қолға алынған.
Қазіргі таңда шаруашылықта 600-ге жуық ересек үйрек өсірілуде. Жұмыртқа өндіру жұмыстары тұрақты жолға қойылып, бүгінде оң нәтижесін көрсетіп отыр. Атқарылған жұмыстардың нәтижесінде 3 309 дана табиғи жұмыртқа өндіріліп, тұрғындарға сапалы әрі экологиялық таза өнім ретінде ұсынылды. Сонымен қатар балапан өсіру және құс санын көбейту жұмыстары да жалғасуда.
Шаруашылықта тазартылған суды пайдалану — экологиялық технологиялар мен кәсіпкерлікті, табиғатты тиімді пайдалануды және азық-түлік қауіпсіздігін ұштастырудың нақты үлгісі.
Тазартылған су — табиғатты қорғауға және ресурстарды тиімді пайдалануға қосылған үлес
Үйрек шаруашылығы — болашағы зор әрі әлеуметтік маңызы жоғары бағыт
Табиғи өнім — халыққа сапалы, пайдалы және қауіпсіз азық
Суды ұтымды пайдалану — келер ұрпақ пен экологияға деген қамқорлық
Айта кету керек, шаруашылықты дамыту жұмыстары мұнымен шектелмейді. Қазіргі таңда тауық өсіруге арналған арнайы орындардың құрылысы аяқталған. Ал алдағы уақытта бөлек қоршауларға түрлі тұқымды қырғауыл құстарын орналастыру жоспарлануда. Бұл өз кезегінде шаруашылық аясын кеңейтіп, табиғи өнім түрлерін көбейтуге және экологиялық агроөндірісті дамытуға жаңа мүмкіндік береді.
Аталған жоба — экологиялық технологиялардың ауыл шаруашылығын дамытуға, жергілікті өндірісті қолдауға және халықтың өмір сапасын арттыруға қалай оң әсер ететінінің жарқын мысалы.







