русский / қазақ
"Су ресурстары - Маркетинг" ЖШС-і
+7 (7252) 321-275Жедел желі+7 (7252) 321-274Диспетчерлік қызмет

Жаңалық - Қазақстан жаңалықтары

новость от 23.06.2026

«Қазсушар» РМК-ның су шаруашылығы нысандарында шағын гидроэнергетиканың әлеуетін арттыру жөніндегі бекітілген Жол картасы аясында кәсіпорын шағын ГЭС салуға арналған 32 нысанды іріктеп алды. 
Қазіргі уақытта Қарағанды облысындағы Самарқанд су қоймасында, Ақтөбе облысындағы Қарғалы су қоймасында және Абай облысындағы Қаракөл су қоймасында шағын ГЭС салуға арналған жобалау-сметалық құжат әзірленіп жатыр. 
Сонымен қатар кәсіпорын тағы 23 жоба бойынша қажетті құжатты әзірлеу үшін есептеулер жүргізуде. Жол картасы аясындағы басым нысандар ретінде Қостанай облысындағы Қаратомар және Жоғарғы Тобыл су қоймалары, Жетісу облысындағы «Аяқ-Құншан» магистральдық каналы және Түркістан облысындағы Үлкен Келес магистральдық каналы айқындалды. 
Еңбекшіқазақ ауданындағы Үлкен Алматы каналының транзиттік учаскелерінде шағын ГЭС орнату мақсатында «Қазсушар» РМК жеке инвестормен меморандум жасасты. 
«Барлық жоба толық іске асырылған жағдайда «Қазсушар» РМК нысандарында өндірілетін электр энергиясының жалпы қуаты жылына 30 МВт-қа жетеді. Қазіргі таңда кәсіпорынның балансында үш шағын ГЭС бар. Олар Солтүстік Қазақстан облысындағы Сергеев гидроторабында, Қарағанды облысындағы Ынтымақ су қоймасында және Қорғас өзеніндегі «Достық» гидроторабында орналасқан», – деді Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов.
«Су ресурстары-Маркетинг»,
Қазақстан Республикасы,
160013, Шымкент қаласы,
Ғ.Орманов көшесі, 17
Хат жазу
Орталық диспетчерлік қызмет: 321-274, 323-574
Жедел желі: 321-275
Тұрғындардың су балансы инспекциясы: 321-180
Коммутатор: 321-247; 321-272 қосымша бөлімнің ішкі нөмірі
Факс: 322-544
Телефон коды: 8 (7252)
Қабылдау: 31-11-94, 32-60-09, 31-11-95
Facebook: Су ресурстары-Маркетинг
whatsapp: 8-708-110-21-21
Telegram чат бот: wrm_bot
жаңа технологиялар мен инвестициялар Жаңа технологиялар Инвестициялар Біздің техника
© Барлық құқықтары «Су ресурстары-Маркетинг» ЖШС-не қарасты
Дизайн және әзірлеу ТОО "LiO Programs" 2023
    
жоғары