Жаңалық - Әлем жаңалықтары
новость от 09.09.2019
Нұр-Сұлтанда «Орталық Азиядағы су мәселелері бойынша диалог: ұлттықтан аймаққа» атты екінші Орталық-Азиялық сарапшылар форумы өтті, деп хабарлайды «Казахстанская правда». Форум су-энергетикалық мәселелерді шешудегі Орталық Азия елдерінің ұстанымдары мен тәсілдерін жан-жақты талдауға арналды. Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Қазақстандық стратегиялық зерттеулер институтының (ҚСЗИ) директоры Зарема Шаукенова өз сөзінде БҰҰ болжамдары бойынша 2050 жылға қарай әлем халқының жартысы су тапшылығына тап болатынын атап өтті. Мұндай жағдайда су ресурстарын тұрақты басқару және болашақ ұрпақ үшін осы маңызды ресурсты сақтау жөніндегі халықаралық ынтымақтастық мәселелері өте маңызды.
БҰҰ-ның Орталық Азиядағы Арнайы өкілі және превентивті дипломатиясының аймақтық орталығының жетекшісі Наталья Германның айтуынша, алдағы онжылдықта аймақтағы су мөлшері үштен бірге азаяды, ал сұраныс 30-40 пайызға артады. Климаттық температураның 6 градусқа көтерілуі мүмкін болғандықтан, елдердің тұрғындары көздердегі су сапасының нашарлау проблемасына тап болуы мүмкін.
Бүгінгі таңда әр мемлекет өзінің ұлттық мақсаттарын, соның ішінде суды пайдалану саласындағы мақсаттарын жүзеге асырады. Осыған байланысты елдер арасында қызығушылық топтарына сәйкес кооперативті байланыс орнатудың мәні зор. Су ресурстары саласындағы жемісті ынтымақтастық елдеріміз арасындағы саяси қатынастарды нығайтуға ықпал етеді.
барлық дауыс: 5600
дауыс мұрағаты