русский / қазақ
"Су ресурстары - Маркетинг" ЖШС-і
+7 (7252) 321-275Жедел желі+7 (7252) 321-274Диспетчерлік қызмет

Жаңалық - Пайдалы кеңестер

новость от 02.10.2019

Әмиянның қауіпсіздігі мен жан тыныштығыңызға алаңдамас үшін не істеу керек?
- Тауарлар немесе қызметтер үшін алдын-ала төлеуге және басқа да күмәнді операцияларға келіспеуге тырысыңыз, әсіресе сізге жеңілдіктер, ұтыстар немесе басқа бонустар уәде етілген кезде.
- Қаражаттарды бейтаныс шоттарға аудармауға тырысыңыз және тексерілмеген интернет-дүкендерде төлем жасамаңыз.
- SMS-кодтарды және карточкалардың CVV кодтарын (банк картасының артындағы үш таңбалы нөмірлер), логин мен парольді ешкімге айтпаңыз. Банк қызметкерлері ешқашан бұл деректерді сұрамайды.
- Банктік карталармен сіз жасамаған транзакцияларды растамаңыз.
- Бейтаныс адамдарға ақшаны белгісіз төлем жүйелері арқылы аудармаңыз.
- Күмәнді бағдарламалар мен қолданбаларды жүктемеуге немесе қолданбауға тырысыңыз.
- Интернет-банкинг паролін браузерде сақтамаңыз, тіпті егер онымен тек сіз ғаа пайдалансаңыз да. Интернет-банкингке кіргеннен кейін жүйеден «Шығу» сілтемесі (Log Out) бойынша шығыңыз.
- Банк веб-сайтының түпнұсқалығын мұқият тексеріңіз, әсіресе баннер сілтемелері немесе электронды хаттағы сілтемелер арқылы кірсеңіз. Банк жүйесінің ресми сайтына қосылу шифрмен (https префиксінің болуы) және сайт атауының дұрыс жазылуымен қорғалғанын тексеріңіз. Вирустар мен хакерлердің шабуылдарын болдырмас үшін операциялық жүйенің жаңартуларын компьютеріңізге уақытында орнатыңыз.
- Интернеттегі күмәнді сілтемелермен жұмыс жасамауға тырысыңыз. Егер дегенмен ұрлық орын алса, дереу банктегі картаны оқшаулаңыз және алаяқтық туралы полицияға және банктің қауіпсіздік қызметіне хабарлаңыз. Қылмыс туралы айту үшін сіз тұрғылықты жеріңіздегі аудандық полиция бөліміне барып, өтінішті қабылдау туралы талон алуыңыз керек. Өтінімнің барысын прокуратураның интернет-сайты арқылы онлайн режимінде талон нөмірімен бақылауға болады.


«Су ресурстары-Маркетинг»,
Қазақстан Республикасы,
160013, Шымкент қаласы,
Ғ.Орманов көшесі, 17
Хат жазу
Орталық диспетчерлік қызмет: 321-274, 323-574
Жедел желі: 321-275
Тұрғындардың су балансы инспекциясы: 321-180
Коммутатор: 321-247; 321-272 қосымша бөлімнің ішкі нөмірі
Факс: 322-544
Телефон коды: 8 (7252)
Қабылдау: 31-11-94, 32-60-09, 31-11-95
Facebook: Су ресурстары-Маркетинг
whatsapp: 8-708-110-21-21
Telegram чат бот: wrm_bot
жаңа технологиялар мен инвестициялар Жаңа технологиялар Инвестициялар Біздің техника
© Барлық құқықтары «Су ресурстары-Маркетинг» ЖШС-не қарасты
Дизайн және әзірлеу ТОО "LiO Programs" 2023
    
жоғары